Айсбергтер туралы қызықты деректер

Oinet.kz 06-11-2019 2093

Айсберг.jpg

Айсбергтердің 10- пайызы ғана сыртқа көрініп тұрады. Ал, оның қалған 90- пайызы судың астында болады. Сондықтан, мұздардың нақты көлемін анықтау қиын. Айсбергтер алғашында кемелерге өте қауіп төндірген. Бұл проблемадан шығу үшін 17 мемлекет бірігіп, арнайы бақылау қызметін құрды. Ондағылар жүзіп жүрген Айсбергтердің бағыттары мен қайда тұрғанын теңіз лайнерлеріне ескерту жасап отырады.

Айсбергтер бір жерде тұрмайды.

Мәселен: Антарктида жағасынан осыдан 50 жыл бұрын бөлініп шыққан бір айсберг бүгінде 4000 шақырым жүзіп, Бразилия жағалауларына дейін жеткен.

Олардың көлемі де әртүрлі.

2000 жылы әлемдегі ең үлкен Айсберг Антарктиданың Росса мұздақтарынан бөлініп шыққан болатын. Оның көлемі қазіргі Голландия территориясымен бірдей екен.

Қазір жер бетіндегі судың 98- пайызы адам ішуге жарамсыз. Ал, Айсбертердің құрамындағы су ең таза су.

Себебі, олардың жүзіп жүргеніне мыңдаған жылдар болған. Бүгінде, Айсберг суын пайдалану үшін оны буксирлермен ерітіп алмай жағаға тасудың түрлі жобалары бар. Мәселен: көлемі 11 000 шаршы метр айсберг 35 000 тұрғынды 50 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуге жетеді екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Тынық мұхитынан табылған акуланың тісі
Антарктида кұрлығында орналасқан қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу