Жер бетіндегі ең асау толқындар қай мұхитта?

Oinet.kz 06-11-2019 1171

Атлант мұхиты.jpg

Жер бетіндегі ең асау толқындар Атлант мұхитында пайда болады. Канада жағалауындағы Фанди шығанағында 18,5 метр биіктікке дейін көтерілген толқындар тіркеледі. Бір қызығы, бұл толқындар айдың жаңадан туған кезінде емес, оның дөп-дөңгелек болып толысу кезеңінде орын алатын көрінеді. Демек, алып толқындардың пайда болуына жердің табиғи серігі де әсер етеді.

Фанди шығанағына соғатын толқындар 8000 шақырым жерден жүріп келеді екен. Ол тек биіктігімен ғана емес, өзінің орасан зор күшімен де белгілі. Өйткені, Канада жағалауына соғатын асау толқынның күштілігі соншалық, одан 75 миллион киловатт энергия алуға болады екен. Бүгінгі таңда Канада үкіметі энергияны толқындардан алу үшін алып гидроэлектростанция соғуды жоспарлап отыр.

Толқындар су бетінде ғана орын алмайды. Ол судың ішінде де жүруі мүмкін. Мәселен: мұхит бетіндегі ең биік толқындар 18 метрден асса, Тынық мұхитының астында болатын толқындар жүз метрден де жоғары болуы мүмкін. Алайда, ол судың бетінде білінбейді. Толқындар суы терең жерлерде бір секундта 200 шақырым жерге дейін жетсе, су саяз жерлерде әлдеқайда баяу қозғалады екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жер бетіндегі ең таза су Айсбергтің құрамында
Әр түрлі деңгейде орналасқан сарқырама қай елде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу