Сталинмен фотоға түскен қыздың тағдыры не болды?

Oinet.kz 06-11-2019 1260

Иосиф Сталин.jpg

Иосиф Сталиннің мына кішкентай қызды көтеріп тұрған суреті 1936 жылдың қаңтарында түсірілді.

Кейін ол ұзақ уақыт Кеңес одағында балаға деген құрмет пен мейірімділіктің символы болды. Бұл портрет әр жерлерге ілініп, мерекелерде көрсетілді. Ондағы мақсат, Сталинді балажан адам ретінде таныту еді.

Бұл фотоға түскен қыз сол кезде сегіз жасар Энгельсина Чешкова еді. Оның әкесі жоғарғы партиялық қызметте болып, Кремльде Сталинмен кездесетін делегация құрамына өзінің қызын қосады. Ал, сол басқосуда кішкентай Эля жүгіріп шығып Сталинге қолындағы гүлін табыс етеді. Баланы көрген Сталин оны құшақтап, бірден көтеріп алды. Атақты сурет сол кезде таспаға басылды.

Алайда, өмірде жағдай тура суреттегідей бола бермейді. Бүкілодаққа бақытты бала ретінде танылған Энгельсина Чешкованың тағдыры басқаша болды. Оның Сталинмен кездесуінен кейін тура бір жыл өтісімен 1937 жылы әкесі Ардан Маркизов қуғынға ұшырап, 10 жылға сотталды.

Ал, анасы тұтқынға алынып, жер аударылды. Кейін, қапаста көз жұмды деген хабар келген. Міне, барлық Кеңес халықтарына бақытты баланың символы ретінде көрсетілген Энгельсина Чешкованың шын мәніндегі өмірі осындай еді. Небары 8 жасында жетім қалған қыз кейін әжесінің қолында өседі...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жойғыш ұшақ пилоттары киетін заманауи дулыға
Венеция қаласы туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу