Құрт – ажалдан құтқарған асыл тас

Oinet.kz 06-11-2019 1578

Құрт.jpg

1990 жылы Қазақстанға бұрын АЛЖИР ( Акмолинский лагерь жен изменников родины) тұтқыны болған Гертруда Платайс келіп мұражай қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Платайс мынадай тарихи оқиғаны еске алды: " Боранды қыс болатын… Тұтқын әйелдер Жалаңаш көлінің жағасында қамыс жинайтынбыз. Әр әйелге бекітілген жұмыс жоспары болады және оны орындау үшін тәулігіне 17 –20 сағат талмастан , тынбай еңбек ету керек . Бірде көл маңындағы Жанашу деген ауылдың қазақтары балаларын ерте келіп , оларға бізге тас лақтыртып қойды . Күзетте тұрған сарбаздар : " Көрдіңдер ме , сендерді Мәскеу түгелі мына қазақтар жақтырмайды" – деп кекете тарқылдай күлді.

Мұндай "таспен ұрулар" бірнеше күн тоқтамады.

Әйелдер тағдырдың оларды қатал тәлкекке салғаны үшін қынжылай жылап , көздерінен жастарын тыя алмады.

Бір күні мен шаршағаннан сол тастарға тайып құладым. Бір мезетте мұрныма ірімшік иісі келгендей күй кештім… Біз қорғанып жүрген тастардан сүттің иісі аңқып , олар өте дәмді болып шықты. Шамам келгенше тастарды жинап қазақ әйелдері отырған баракқа алып барғанымда , олар мұны ірімшіктен күнге қақталып жасалған "құрт" деді.

Сонда біз бұл әрекеттердің аз да болса әйелдерге көмектескісі келген қазақтардың тапқан айлаларының бірі екенін түсіндік. Қазақтар ашаршылықты бастарынан өткерсе де , қамыстардың арасына піскен ет , құрт , таба нандарды біз үшін жасырып кететін ".

Әлеуметтік желіден алынды

Адамдар торда, жыртқыштар бостандықта
​Қыздың жасауына қандай заттарды қосуға болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу