Ықылығы 68 жыл бойы тоқтамаған адам

Oinet.kz 20-11-2019 1294

Screenshot_10.jpg

Айова штатының тұрғын Чарльз Осборн Гиннестің рекордтар кітабына ерекше жағдайда енді. Оның ықылық атуы 68 жыл бойы тоқтамаған. Чарльздің тоқтаусыз ықылығы 1922 жылы шошқаны бауыздап жатқанда басталған. Алғашқыда ықылықтың арасы 40 минуттан болса, уақыт өте келе 25-20 минутқа дейін қысқарыпты. Ықылық ату адам үшін қалыпты жағдай. Дегенмен тоқтаусыз емес.  Шарасыз Чарльзға дәрігерлер көмектесе алмаған. 1990 жылға дейін ол 430 миллион рет ықылықтаған көрінеді.  Бұл кемшілік ағылшындыққа өзгелер секілді баянды ғұмыр кешуге кедергі болған жоқ. Ол жұрт қатарлы үйленіп, бала сүйді. Осборн сырқатынан тек 69 жасқа келгенде ғана арыла алды. Көп ұзамай ол асқазан жарасынан көз жұмады. 

Мэрилин Монроның өкпесінің рентген түсірілімі аукционда 45 мың долларға сатылды
Ең оңбаған құс - шағала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу