Мэрилин Монроның өкпесінің рентген түсірілімі аукционда 45 мың долларға сатылды

Oinet.kz 20-11-2019 1110

Пайдаланылған, ескі заттарды сату әдетте қиын шаруа. Бірақ бұл әңгіме «жұлдыздарға» қатысы жоқ. Себебі олардың әрбір қолданған заттарын табынушылары аса қымбатқа сатып алуға дайын. Мәселен тазалықшылар концерттен кейін әнші Бритни Спирстің шайнаған сағызын  сатуды әдетке айналдырғаны қашан. Сол секілді актриса Мерилин Монроның өкпесінің рентген түсірілімі аукционда 45 мың долларға сатылса, «Зуд седьмого года» фильмінде киген көйлегі  4 600 000 долларға бағаланды. 

Screenshot_14.jpg

Ал ең қымбат сатылған бас киім Чарли Чаплинге тиесілі. Оның шляпасы  135 мың  долларға сатылған. Классик жазушы Шекспирдің әлемде  6 қолтаңбасы сақталыпты. Олардың әрқайсысының құны 5 миллион долларды құрайды.   60-шы жылдары жұлынған Джон Леннонның тісін стоматолог Майкл Зуг  2011 жылы 30 мың долларға сатып алған. Адамдар арасында көне заттарға, эскпонаттарға қызығушылар да жетерлік. Қытай императоры Цяньлунның халаты Гонконгтегі аукционда 19 миллион долларға сатылғаны соның айғағы.   

Казиноны алдаған адам
Ықылығы 68 жыл бойы тоқтамаған адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу