Пирофорез – шашты отпен емдеу әдісі

Oinet.kz 21-11-2019 1526

piroforez.jpg

Пирофорез шашты күтудің жаңа салондық процедурасы, процесс барысында шебер шашты ашық жалынмен күйдіреді. Басқаша айтқанда, шашты күйдіру және оларды протеиндер мен кератинмен қанықтыру процессі. Сынған және зақымдалған шаш талшықтарын қалпына келтіруге, шашқа табиғи сұлулықты қайтаруға мүмкіндік береді.

Елімізде шаш емдеу процедуралары әйелдер арасында соңғы 5 жылда жоғары сұранысқа ие. Жалғыз біздің елде ғана емес, ғалам әйелдері мен ерлері шаш күтіміне байланысты әртүрлі пікірде. Бірі салонға міндетті түрде үнемі барып тұру қажет деп ойласа, кейінгісі шаш табиғи нәрленеді, қажетін табиғаттан алады деген пікірде. Сөйтсе де қаншама қыз-келіншек өз сұлулықтарын шебер қолына тапсырғанды жөн көреді.

Сондай шаш күтіміне ықпал ететін процедуралардың бірі пирофорез – шашты ашық отпен күйдіру арқылы емдеу әдісі. Өзінің қорқынышты атауына қарамастан, шашты күйдіру процедурасы сіздің шашыңыз үшін ешқандай қауіп тудырмайды, сонымен қатар оның сауықтыру әсері бар.

Кез келген материалдарды тек гиперсілтеме болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Шашта ашық отты қолдану әдісі Ежелгі Египет дәуірінің тамырына ие. Сол кездің өзінде фараондар басын ашық отпен қысқартып, шаш үлгісін өзгерте алды. Оттың игі қасиеттерін адамзат сол кездерден бастап-ақ білсе керек...

Пирофорез Қазақстанға қашан келді?

Пирофорез сондай-ақ  Fire Cut деп те аталады. Fire Cut технологиясын халықаралық дәрежедегі ресейлік шебер-стилист Ольга Курбанова 2009 жылдың маусым айында патенттеді, ал әзірлеуге шамамен 15 жыл кетті. Пирофорезбен емдеу әдісі де соңғы бір жылда Қазақстанда кеңінен етек жайып келеді. Қазірге бұл процедура көпшілікке қолжетімсіз болғанымен, болашақта кез келген салон процедуралары қатарына еніп, қолжетімді болуы әбден мүмкін. Арнайы салонды «отпен шаш қию», «отпен шашты емдеу», «fire cut» немесе «пирофорез» деп теру арқылы табуға болады. Шын мәнінде, пирофорезді «отпен шаш қию» деп атау жөнсіз, себебі шаштың ұзындығы бірнеше миллиметрге ғана қысқартылады. Дегенмен атауының түрлілігіне қарамастан орындау техникасы және процедураны өткізу кезеңдері бірдей.

Процедура қалай өтеді?

От әсерінің арқасында арнайы таңдалған косметикалық құралдардың белсенді компоненттері шаш өзегіне терең енеді, тіпті қатты зақымдалған шаш талшықтары да қайта қалпына келеді, ал бұйра шаштар түзу қалыпқа енеді. От шаш құрылымын жақсартып қана қоймай, ұштанған шаш талшықтарын да біртегіс етеді. процедура мүлдем қауіпсіз және қандай да бір алдын ала дайындықты талап етпейді. Отты қию әдісіне небәрі 2-2, 5 минут кетеді. Продура алдында шаш мұқият сусабынмен жуылады.

Алдымен, шаш сусабынмен жуылады, содан кейін оларға ішкі және сыртқы қорғаныс кератинді қорғаныс жасайтын арнайы маска – гель-имплант жағылады. Бұл құрал шашты ылғалдандырып, тегістеп, оларды көлемді және жұмсақ етеді. Гель-имплант зақымдалған шашты мұқият қалпына келтіре отырып, жылтыр және жібектей етеді. Олардың сынуын шектеп, өсу процессін белсендіреді.

Шебер аталған масканы 15-20 минутқа жағып, жылы сумен шайып тастайды.

Одан әрі шашқа оның құрылымына байланысты таңдалған "коктейль" қолданылып, шаш отпен күйдіріледі. Шебер ұзын қайшыға мақта орап, оны спиртке малып, онымен шашты күйдіре бастайды. Осы сәтте күйген шаштың иісі шығуы мүмкін, бірақ оттан қорқудың қажеті жоқ, себебі от құрғақ шашты ғана қызуы мүмкін. Шаш барлық жағынан, тегіс ұзындығы бойымен өнделеді, тек шаш түбірінің 7-8 сантиметрін қоса есептемегенде. Шашты бүкіл ұзындығы бойынша күйдірген соң, бірден жаңа күйдірілген шаш ұшына жоғары полимерлі табиғи шайырдан, қоңыр қышқылының күрделі эфирінен тұратын, шаш ұшын ұштанудан сақтайтын арнайы өнім қолданылады. Күйдіру кезінде шаштың ұштары «мөрленеді», ол шаштың ылғалдануына, регенерацияға және сыртқы факторлардан қорғануына ықпал етеді. Осыдан кейін шашқа шектен тыс құрғақтықтың алдын алуға көмектесетін қоспалар жағылып, фенмен кептіріледі.

Барлық рәсім 2,5 минуттан аспайды. Өңдеу барысында қабыршақтар түкті талшықты герметикалық етіліп жабылады, соның арқасында белсенді компоненттер 3 айға дейін жуылмайды.

Шартты түрде кешен екі құрамдас бөлікке бөлінеді: отпен емдеу процедурасы мен күнделікті күтім. «Базалық» процедура 3 айда бір рет шаш қию күні немесе бояудан кейінгі бір ай өткен соң жасалып отыруы қажет.

Пайдаланылатын құралдар:

Отты емдеуде «люкс» сыныпқа жататын косметика қолданылады, бұл процедура үшін арнайы әзірленген, негізгі маркалардың бірі – «Labiosthetique». Ал процедурадан кейінгі шаш күтімі үшін осы брендтің тазартатын сусабыны, жоғары температурадан шашты қорғайтын құралы, ампулалық концентрат немесе емдік сарысуын қолдануға кеңес беріледі.

Пирофорез процессін кімдерге жасауға кеңес беріледі?

Пирофорезді жылдың кез келген уақытында жасауға болады. Процедура барлық шаш типіне жарамды. Әсіресе, ең күшті әсер қатты әлсіреген, табиғи қалпын жоғалтқан шаш иелерінен байқалады. Тіпті қатты зақымдалған, аққұба шаштар да бір процедурадан кейін де тегіс қалыпқа ие болады. Алайда процедура оттың көмегімен өткізілгендіктен, оттан паникалық қоқынышы бар нәзік жандылар барынша аулақ болғаны жөн.

Пирофорезге панецияға секілді қауіппен қараудың қажеті жоқ. Бұл шашқа күтім жасайтын, жақсартатын көптеген процедуралардың бірі, жай ғана ерекше түрі. Жақсы әсерге қол жеткізу үшін, бұл процедураны үш айда бір рет қайталаған жөн. Айта кету керек, отпен емдеу әйелдер үшін ғана емес, ерлер үшін де тиімді.

Отпен емдеу процедурасы әсіресе мынадай проблемалар кезінде тиімді:

·         «шаршаған», сынғыш және зақымдалған шаш;

·         ұштанған шаш;

·         құрғақ, кеуекті, түссізденуден, бұйралаудан, бояудан, термоқұралдардан зардап шеккен шаш;

·         жарқыл жоғалған шаш;

Процедурадан кейінгі эффектіні сақтап қалу үшін, шебердің кеңесімен шаш типіңізге байланысты күтім тұрын міндетті түрде жасауға тиіссіз. Мәселен жуылмайтын шашқа арналған күтім құралдары: май, спрей, эссенция, сарысу.

Пирофорездің артықшылықтары:

·         сыртқы (ауа райы) факторлардан жақсы қорғайды;

·         косметикалық құралдарды пайдалану кезінде аллергия тудырмайды;

·         олардың пайдалы заттармен және дәрумендермен қанығуы арқасында шаш талшықтарының зақымдануын баяулатады.

кемшіліктері:

·         процедураны өз бетінше, үй жағдайында жасауға болмайды;

·         нәтижелілік шебердің тәжірибесіне байланысты;

·         бір реттік сеансты қолдануға болмайды;

·         әдістеменің құны өте жоғары, алайда оның нәтижесін ескере отырып, бұл әбден негізді.

Осылайша, егер сіз шаш күтімінде жаңа бір тәсілге жүгінуге шешім қабылдасаңыз, шеберді таңдау кезінде басты назар аударыңыз, ол жөнінде пікірлер оқыңыз, таныстарыңызбен кеңесіңіз.  Өйткені, процедураның нәтижесі шеберге әбден байланысты.

Неден қауіптену қажет?

Шашты отпен өңдеу процедурасы шебер міндетті оқытудан өткен жағдайда ғана қауіпсіз саналатынын естен шығармаңыз. Шашты күйдіруге тек қана пирофорез (өнертабысқа патент № 2390294) әдістемесінің патент иесі Ольга Курбанованың қолы қойылған арнайы сертификаты бар шеберлерге сенім білдіру қажет.

Процедура құны

Пирофорездің бір процедурасының құны шамамен 20 000 мен 50 000 теңгенің арасын құрайды. Ол алдымен таңдаған шебер мен салонға байланысты өзгереді. Екіншіден шаштың ұзындығы мен қалыңдығына байланысты да процедура құны өзгеруі мүмкін. Қазақстанда аталмыш процедураны бірнеше салондар ғана жасайды.

Шаш құрылымын отпен емдеу әдісі туралы пікірлер әртүрлі болуы мүмкін. Бұл процедураны әзірлеушілердің айтуынша, ол емдік қасиеттерге ие. Процедура шаш ұштарын дәнекерлеумен қатар, шаш өзегін тегістейді, сонымен қатар оның құрылымын жақсартады, сол арқылы нәзік жандыларды мазалайтын көптеген шаш мәселелерінен арылтады. Қанша адам, сонша пікір. Біреу шаш қиюдың жаңа әдісі деп санаса, басқасы тек пациенттің қалтасын қармауға жаңа маркетингтік қадам деп санайды.

Десе де, байқап көрмей баға беру қисынсыз...

Диатез ауру емес
Кірпік ламинаты – сән салондарындағы жаңа процедура
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу