Транс-майдың адам денсаулығына зияны қандай?

Oinet.kz 29-11-2019 2991

Транс май дегеніміз табиғи өсімдік майларының сутегі газымен өңделіп, химиялық құрамының өзгертілуі. Яғни бұлар толығымен синтетикалық, яғни жасанды майлар болып табылады.

Қалыпты майлардың да (үйде де) тұрақты түрде жоғары температурада күйдірілуі, қуырылуы да транс май қалыптастырады.

майлар.jpg

Транс майдың зияндылығы соншалық тіпті микроптар одан қашады, оңайшылықпен тіршілік етіп, көбейе алмайды. Үйде пісірген тоқаш, бәліштеріңіз аз уақытта ескіріп, бұзылып кеткенімен, маркеттердегі бәліштердің қалайша бұзылмастан айлап, тіпті жылдап сақталатынын ойлап көріңіз.

Бұл зиянды майлар ең көп кездесетін тағамдар:

- поп корн чипс, фри

- бисквит

- вафля,шоколад,

- кекс,

- тоңазытылған тағамдар

- балмұздақ,

- дайын шұжықтар

- майонез, кетчуп

- құрғақ сүт секілді т.б. азықтарда қолданылуда.

Дәм беруі үшін кафе, дәмхана, кондитер өнімдерінде де қолданысқа ие. 

Транс-майдың адам денсаулығына зияны: 

- Азық-түлік өнімдерінде аз мөлшерде болса да кездесетін  транс-майларын үнемі тұтыну – қалыпты метаболизмді бұзып;

- Семіруді тудырады;

- Жүрек-қан тамырлары аурулары: инфаркт, инсульттың пайда болуына, дамуына әкеледі.

- Адам қанындағы «жаман» холестериннің мөлшерін көбейтіп, жүрек қан-тамырларын зақымнан қорғайтын «жақсы» холестериннің мөлшерін азайтады. Қан құрамында «жаман» холестерин көбейген кезде: атеросклероз, инсульт сияқты жүрек-тамыр аурулары мен жүректің және мидың ишемиялық ауруларына ұшырайды.

Себебі, адам организмінде транс-майларды сіңіре алатын ферменттер жоқ. Әсіресе, маргарин, тазартылған пальма, күнбағыс және жүгері майлары денсаулыққа зиянды.

Транс-майлардың тікелей улы өнім емес, канцероген екендігін түсінуіміз қажет. Канцерогендер денсаулыққа бірден зиян келтірмей, бірте-бірте зат алмасуды нашарлатып әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Ұзақ жылдар бойы маргаринді жеп, қауіпті белгілерді байқамауыңыз ықтимал.

Тағамның құрамында транс-майлардың бар-жоқтығын қалай анықтауға болады?

Транс майлар өнімнің құрамында:

- маргарин,

- гидрирленген май,

- аспаздық (кулинарный)  май,

- қаныққан (сатурированный) май,

- аралас (комбинированный)  май,

- фритюрлік май  деген атаулармен көрсетілуі мүмкін.

Энваитенет - Барсакелмес
Қан тобыңыз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу