Ең жылдам жануар - гепард

Oinet.kz 04-12-2019 1818

Самое-быстрое-животное-в-мире-гепард-фото-1024x590.jpg

Гепард -  жер бетіндегі барлықі сүтқоректілердің ең жылдамы: ол жылдамдығын 130 км/сағ дейін дамыта алады.

Өз қорегіне қол жеткізу мақсатында гепард 100 км/с 3 секунд ішінде жүгіріп өте алады.

Ол 0,6 секунд ішінде 6-8 метрге секіру арқылы жүгіреді. Гепард өз жемтігінің соңынан жүгірген сәтінде оның жүрегі минутына 150-ге дейін соғады. Жануар жүгіріп келе жатып, тез бағытын өзгертуге де бейім. Омыртқасының икемділігі аяғые жерден алмай жүгіруге және басын бір биіктікте ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құйрығы болса жүгіру кезінде тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Мұндай серпіліс бұлшықеттен оттегінің үлкен шығынын талап етеді. Жоғары жылдамдығына қарамастан, гепард үнемі қорек аулауда жолы бола бермейді.

Егер де гепард алғашқы 100 метрде жемтігіне ілесе алмаса, ол шабуылын тоқтатады.

Африкада гепард - ірі жыртқыштардың ішінде ең әлсізі. Гиеналар, леопардтар мен арыстандар жиі гепардтардан олжасын алып қоя алады. Сондықтан бұл жануар жылдам болғанымен, тіршілік үшін күресте біршама артта қалады.

Қазақтан шыққан ең алғашқы ғылым кандидаты
Сериалдардың пайдасы да бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу