Сериалдардың пайдасы да бар

Oinet.kz 04-12-2019 797

fdd00148d5a33acdad91ccfe7e75b44c.jpg

Фильм не сериал қарау бізге пайдалы ма? Оларды қараған смайын адамның дүниетанымы кеңейетіні қаншалықты рас? Немесе бұл уақытты бос кетіру саналады ма?

Сонымен сериалдардың пайдалы жақтарын қарастырайық.

1. Көңіл күйді көтереді.

Өміріңіз қаншалықты күрбелең тіршілікке толы, жемісті болып өтіп жатқанымен де, кейде стресстің бойымызға қалай еніп кеткенін аңғармай жатамыз. Сол себептен де сериал мен қызықты фильмдер күнделікті бірқалыптылықтан алшақтауға, біраз еркінсуге жағдай жасайды.

2. Кейіпкерлердің ұнамды қылықтарына үйренеміз.

Иә, сериалдарды қарау арқылы ондағы өзімізге ұнайтын кейіпкерлерге еліктейтініміз бар. Сериал қарау арқылы өз бойымыздағы кейбір мінездерді де байқай аламыз, оларға сырт көз болып қарағандықтан дұрыс бағасын бере аламыз.

3. Кризистік кезеңдерде демеу бола алады.

Айырылысу, жұмыстан шығу, басқа да адам басына түскен қиын сәттер кезінде сериалдар уақытша демеу бола алады, көңілдегі алаңан арылтады. Денсаулыққа өте пайдалы. Тек басқа дүниелер секілді бұл әуестің де шегін білу маңызды.

4. Шабыт алуға болады.

Көркем фильмдерден шығармашылыққа жаны жақын адамдар баға жетпес шабыт бойына сіңіреді. Адам санасына жаңа тың идеялар мен ерекше серпіліс келіп жатады.

Үйден шықпай-ақ қанша жаңа кейіпкерлермен, қаншама түрлі мінез, болмыс иелерімен танысуға  

мүмкіндік аласыз.

5. Қайырымдылық пен оң ойлау дамиды.

Күрделі отбасылық перипетияларды бақылай отырып, біз өз туыстарымызбен орын алған проблемаларға оңайырақ қарауды үйренеміз. Сондай-ақ Мичиган университетінің ғалымдары романтикалық фильмдер жыныстық сауығуға жауап беретін прогестерон гормонының өндірілуін және жақындарымен қарым-қатынастан қуанышын тудыратынын дәлелдеді.

Ең жылдам жануар - гепард
Бірінші Нұрсұлтан Назарбаев... екінші Қайрат Нұртас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу