Чарли Чаплиннің таяғы мен бас киімі сатылды

Oinet.kz 11-12-2015 836

Аңызға айналған күлдіргі кейіпкердің қалпағы мен таяғы АҚШ-та 60 000 долларға сатылып кетті.

Тілсіз киноның ерекшелігін айқын көрсеткен заттар «Bonhams» сауда үйінде болған аукционда сатылған. Аталмыш заттар 1931-1936 жылдары түсірілген «Жаңа заман» («Новые времена») және «Үлкен қаланың оттары» («Огни большого города») фильмдерінде бас кейіпкердің негізгі аксессуарлары болған еді.

image.png

Сондай-ақ, аукционға Джон Леннонның қолжазба хаты да қойылыпты. Онда атақты «The Beatles» тобының әншісі Йоко Ономен бірге түскен суретін де қойған екен. Манускрипт 25 000 долларға сатылған. Бағалы заттардың ішінде Мэрилин Монроның атақты суреттер жинағы (21250 долларға сатылды) мен Фрэнк Синатраның суреті (10 000 долларға сатылды) де бар.

Мұрағаттан, 10.12.2012 ж

Қазақтың ұлттық киімдері: Саптама етік
Әлемнің бай рэперлері кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу