Ең танымал дәрігер әйелдер

Oinet.kz 12-12-2019 1098

Screenshot_8.jpg

Маргарэт Энн Балкли (1792-1865жж.)

Негізі, Маргарет туралы дерек тым көп емес. 18-ші ғасырдың соңында туылған Маргарэт  ақсүйектер отбасының өкілі болғанымен, сол замандағы тәртіп бойынша жоғары оқу орнына түсуі ұят іс еді. Әйткенмен, білімге деген құштарлығы соншалық, Маргарэт Энн Балкли туыстарының көмегімен «Джеймс Бери» атты ер азаматтың құжаттарын жасатып, сол арқылы   Эдинбург университетіне  қабылданады. Ол дәрігерлік бағытты таңдады. Лондонға қайта оралған бойда Корольдік Хирургиялық колледждің емтиханын ойдағыдай тапсырады. Мұнымен шектелмей, Оңтүстік Африкадағы әскер қызметке аттанып, Кейптаун қаласының колониясында медициналық инспектор болып жұмыс істеді. Маргарэт Энн Балкли  алғашқылардың бірі болып баланы іштен жарып алу операциясын жүргізді. Осы арқылы нәрестенің де, оның анасының да өмірін сақтап қалды.   Бір қызығы, Маргарэт өмірінің соңына дейін өзі ер азамат, яғни Джеймс Бери ретінде таныстырып жүрді. 

Screenshot_9.jpg

Элизабет Блэкуэлл (1821-1910 жж.)

Американың тұңғыш  жоғары білімді дәрігер әйелі. Оның оқуға қабылдануының өзі қызық. Нью-Йорк қаласының маңындағы медициналық колледждердің біріне құжат тапсырғанында, топтағы студенттердің барлығы да жігіттер екен. Оқу орнының әкімшілігі қыз баланы қабылдаудың қажеттілігін ойлана келе, студенттердің арасында сауалнама жүргізуді ұйғарды. Мұны әзіл ретінде қабылдаған оқушылар бірауыздан «қабылдансын» деп дауыс берген. Шынында да студенттердің қатарына бойжеткен қыздың қабылданғанын білгенінде талайлары таңданысын жасырмады. 

1853 жылы Элизабет кедей әйелдер мен балаларға арнап диспансер ашады. Төрт жыл өте жағдайы нашар отбасылар үшін аурухананы да іске қосады. Қазір кеңінен қолданылып жүрген «гигиена» терминін де енгізген осы Э.Блеквелл екен.  

Screenshot_10.jpg

Лейла Денмарк (1898-2012 жж.)

Дәрігер ретінде ең ұзақ уақыт жұмыс істеген әйел ретінде танылған Лейла педиатр ретіндегі қызметін 1931 жылы бастап, 103 жасына дейін науқастарды емдеумен шұғылданыпты. 2001 жылы Гиннес рекордтар кітабы тарапынан «ең кәрі дәрігер» ретінде ресми түрде мойындалды.  Денмарк дәрігерлік қызметін негізінен үйінде немесе өзінің жеке қабылдау кабинетінде жүргізді. Ол пациентті тәуліктің кез-келген уақытында қабылдауға дайын болатын. 114 жасында дүниеден озды. Кезінде әлемдегі ең жасы кәрі бес адамның бірі ретінде танылған. 

Қателікке бой алдыру: конфликтогендер
Мінез қай мезгілді ұнататыныңызға байланысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу