Мұржаны қалай тазалау керек?

Oinet.kz 18-12-2015 1385

image.png

Мiне, қыстың сықырлы суығы да  келiп  қалды.  Бақытсыздық  оқиғалардың  басым  көпшiлiгi  бықсық  иiсi  тиюден  болады. Бұл  жылыту  пештерiнiң,  газ  приборларының  ақаулығынан,  табиғи  газды  пайдалану  ережелерiн бұзғаннан  болады. Үй  иелерiнiң  көпшiлiгi  және  көп  қабатты  үйлердiң  тұрғындары  мұржалардың  жағдайына  көңiл  аудармайды,  олардың мұржалар каналдарының  күл-қоқыспен  бiтелiп  қалуы  мүмкiн  екенiне  мән  бермейдi.  Мұржаларда  мысық,  тышқан немесе  құстардың  өлi  денелерi  жатып қалуы,  құстар  ұя салуы,  қабырғаларының құлаған  фрагменттерi  жатып  қалуы  мүмкiн. Қазiр  түтiн  мұржаларының,  вентиляция  каналдарының  тарту  қабiлетiн, қабырғаларында  жарықтар  тоқтығын  тексерiп,  түтiн (газ)  жолдарын  тазалау  қажет.   

Шымкент    қаласының  төтенше  жағдайлар    басқармасы  үй,  көше  комитеттерiнiң  төрағаларының,  тұрғындардың  назарына  мұржалар мен  вентиляциялық каналдарды  тазалатуға  ерiктi  өрт  қоғамына немесе  басқа  мекемелерге өтiнiш берiп  олармен  келiсiм-шарт  жасасуы  қажеттiгiн  ескертедi. 

А.Күдербеков,

Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының көмекшісі, 2-ші сыныпты заңгер

Салауатты махаббат сырлары
Суда жүзетін шырша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу