Дарынды балалар туралы қызықты деректер

Oinet.kz 21-12-2019 876

АҚШ-тың Кливенд қаласында тұратын ақылды бала әлемнің кез келген елін географиялық картадан айна-қатесіз тауып бере алады екен. Дәл осындай дарынды балалар әлемде сирек те болса кездесіп жатады. Назарларыңызға қабілет-дарыны өзгеден ерек туылған балалар туралы қызықты деректер ұсынамыз. 

eceda3f6866b1216f21cb1f0a6c85b89.jpg

 * Эссен қаласында тұратын Ники деген бала бір жарым жасында әріп танып, екі жасында оқи бастаған. Әкесі - биолог. Жетіге толған кезде баласы әкесінің кітапханасындағы ғылыми кітаптармен шұғылдана бастаған. Бала түгілі, үлкен адамдар ұға қоймайтын ғылыми дүниелерді түсініп оқитын дәрежеге жеткен. 

* Ал алты жасар қытай баласы Ли Сяобин мүлдем ғажап. Ол үш жасында екі-үш айдың төңірегінде 3600 иероглифті үйреніп алған. Содан кейін әке-шешесі бірінші сатыдағы мектепке берген екен, ол оны бір жылда бітіріп шыққан. Алты жасында екінші сатылы мектепке көшкен.

 * Вьетнам баласы Фам Хоанчу үш жарым жасында математика есептерін шығара алатын болған. Газет-журнал оқып, тушьпен жаза алатын дәрежеге жеткен. Соның бәрін үш жасар балдырған мектепте оқитын тәтесіне үйреткен.

 * Он төрт жасар Мариуш Заяц Польша астанасында жоғарғы техникалық мектепте оқуға түскен. Сосын оны жиырма бір жасында бітірген.

 * Ирандық Мұхаммед Кошесвисан жоғарғы мектептің отыз алты пәнінен диплом қорғаған. Енді университетте жаратылыстану ғылымдарынан сабақ береді. Ол ағылшынша, французша, немісше таза сөйлейді. Оларға қоса эсперантоны біледі. Он алты жасар ғалым докторын талай ел өздеріне шақырып, кафедра меңгерушісі болуға ұсыныс жасаған. 

* 1985 жылы шамамен алғанда 105 миллион бала мектепке бармаған. Егерде бұл жағдай бұдан былай өзгермесе, 2000 жылы 200 миллион бала мектеп есігін ашпаған болады деп хабарлаған БҰҰ бұдан он екі жыл бұрын.

 * «Санди таймс» газетінің жүргізген тексерісіне қарағанда Ұлыбританияның мұғалімдері өз оқушыларынан білімді емес көрінеді. Польшаның астанасы қай қала деген сұраққа бес мұғалімнің біреуі ғана жауап бере алған. Ал ФРГ-нің сол кездегі астанасын анкетаға қатысушылардың 27 %-ы ғана дұрыс айта алған. Ал 47 %-ы Ауғаныстанның астанасын білмеген.

 * Қазіргі Италия халқының 22 %-ы ең болмағанда бастауыш білім алмаған, 44 %-ы орта мектепті бітірмеген. 1 000 608-ы  жалпы әліпті таяқ деп білмейтін көрінеді.


Дереккөз: Massaget.kz 

Белкөтерер деген не?
Вазелин дәрі ме, дәрі емес пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу