Әйелдер мерекесін қай ел қалай тойлайды?

Oinet.kz 10-01-2020 736

Screenshot_18.jpg

Кез келген мерекенің өз тарихы бар. Бірақ жанымыздағы дос-жаран мен әріптесімізді сол мейраммен құттықтаған кезде оның тарихына бір сәт үңілдік пе? Әйелдердің әдемілігін, сұлулығын сөз етеміз. 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде оларға бар тілегімізді арнаймыз. Дұрыс-ақ. Бірақ оның тарихын білеміз бе? Аталған мерекеге қатысты әртүрлі болжамдар айтылатыны да рас. 

Бірінші болжамға сенсек, 1857 жылы Нью-Йорк қаласының бір топ тоқыма¬шылары 8 наурыз күні еңбекақының төмендігіне қатысты митинг ұйым¬дас¬тырып, көшеге шықты деген дерек бар. Бірақ сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдарында наразылық шеруі туралы бірде-бір ақпарат болмаған. Тарихшы¬лар¬дың дерегіне назар аударсақ, 1857 жыл¬дың 8 наурызы жексенбі болғаны белгілі. Сол уақыттағы күнтізбеге сенсек, жексенбі күндері мүлдем митинг өткі¬зілмеген. Со¬нымен, бірінші болжам ақиқаттан алыс жатыр.

Бірақ біздің бала кезімізден санамызға жақыны Клара Цеткинге қатысты болып отыр. 1910 жылы неміс коммунисі Клара Цет¬кин Копенгагенде өткен әйелдер фо¬ру¬мында тұңғыш рет 8 наурызды «Халық¬аралық әйелдер күні» деп атау туралы бас¬тама көтерген. Бұл мерекенің аста¬рында әйелдер арнайы шеру, митинг жасау арқылы өз құқын білдіруі тиіс деген саяси қадам жатқан. Кейіннен бұл әйелдердің өз құқы үшін күрес күні деп аталды. Бірақ 8 наурызда қандай да бір әйел наразылық білдіріп көшеге шыққан жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, мұны халықаралық мейрам дәрежесіне Клара Цеткиннің құрбысы Александра Колон¬тай жеткізді деген дерек бар.

КСРО-да 1921 жылдан бастап 8 наурыз әйелдердің халықаралық мейрамы ретінде аталып өтіле бастады.

Алғаш рет бұл күнді 1911 жылы Ав¬стрия, Германия, Дания мен Швейца¬рияның әйелдер қауымы тойлағаны мәлім. Бірақ олар айдың әр кезінде атап өткен. Одан кейін 1914 жылы жоғарыдағы аталған төрт елге Ресей мен Голландия қосылды. Сөйтіп, әйелдер мейрамы ха¬лықаралық сипат ала бастады. Алайда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс бұл атаулы мерекені ұмыт қалдырды. Тек 1921 жыл¬дан кейін ғана мерекенің атап өту ауқымы кеңейді. 

Жалпы, бұл мейрам әр елде әр айда тойланып келгенімен, 1975 жы¬лы КСРО мемлекетінің өтініші бо¬йынша БҰҰ-ның қарарымен 8 наурыз ресми түрде Халықаралық әйелдер күні ретінде белгіленді. Бірақ бұл күнге әр ел әртүрлі қарайтыны да жасырын емес. Мысалы, 1990 жылдарға дейін ГДР мем¬лекеті болып, социалистік жолды ұстан¬ған Германияның шығыс бөлігі осы күнге дейін 8 наурызды тұрақты түрде атап өтеді. Капиталистік қоғамда өмір сүрген немістің батыс бөлігі бұл атаулы датаны мойындайды деуге болмайды. Германия¬ның батыстағы жұртының құндылықтары сіңе бастаған болуы керек, соңғы жылдары шығыс бөліктегі немістер де бұл мейрамды ұмыта бастаған сыңайы бар. Ресми түрде

8 наурыз халықаралық мерекелер күні деп аталғанымен, немістер мамыр айына көбірек маңыз береді. Өйткені көптеген елдерде ақиқатын айтқанда, өздерінің «Аналар күні» бар.

Кезінде социалистік жүйені ұстанған Польша да бұл мерекені салтанатты жағ¬дайда атап өтуді әлі күнге дейін дәстүрге айналдырған. Бұл күні ерлер қауымы әйелдер мен қыздарға көктемнің алғашқы гүлін ұсынып, бақ-береке, тілеп, ыстық лебізін білдіреді. Польша жұртының бірсыпырасы 8 наурызды коммунистік мейрам деп есептегенмен, оған назар аудармайтындар да бар. Германия еліндегі сияқты, Польшада да 8 наурыз жұмыс күні болып есептеледі.

Литвада бұл күн көктемнің келуі әйелге құрмет ретінде тойланады.

1994 жы¬¬лы Литваның Демократиялық жұмысшы партиясы әйелдер күнін ар¬найы ресми мейрам ретінде таныған. Алайда 1997 жылы парламентке келген кон¬серваторлар мен христиан-демо¬краттар әйелдер күнін мемлекеттік мереке тізімінен сызып тастады. Тек 2002 жылы ғана қайтадан әйелдердің халықаралық ынтымақ күні ретінде аталып өтіле бастады. 

Вьетнамда 8 наурыз 2000 жылдан бері тойланады. Мұның да тарихы бар. Бұрын бұл мереке «апалы-сіңлілі Чынгке Құрмет күні» деп аталған. Вьетнам халқын Қытай агрессорларынан азат етуде майдан даласынан мыңдаған жаралыларды алып шығып, олардың жартысынан астамын аман алып қалған олардың орны бөлек. Екеуі жаралылармен қоршауға алынған кезде, олар тұтқынға түспес үшін арыны асау өзенге секірген. Вьетнамда социа¬листік жүйе орнағаннан кейін «апалы-сіңлілі Чынгке Құрмет күні» 8 наурызға ауыстырылды.

Францияда халықаралық әйелдер мейрамы кең түрде аталып өтпейді. Тек бұқаралық ақпарат құралдарында ғана айтылып, еске алынатыны рас. Францияда бұл күнді коммунистер мен солшыл күштер ғана тойлайды. Негізі француздар мамыр айындағы «Аналар күнін» де ерекше құрмет тұтады.

ТМД еліндегі Түркіменстанда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамын тойлау Сапармұрад Ниязовтың мемлекетті басқаруы тұсында біраз уақытқа дейін үзіліп қалды. Ниязов 2001 жылы 21-22 нау¬рызды Наурыз мейрамы мен Түркі¬менстан әйелдерінің мерекесі деп атап өту туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Бірақ 2008 жылы билік басына келген Гурбангулы Бердымухамедов Халық¬ара¬лық әйелдер мерекесін қалпына келтіріп, 8 наурыз қайтадан тойланатын болды.

Қазақстанда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы ресми мереке ретінде ерекше жағдайда аталып өтіледі. Бұл күні ерлер қауымы гүл шоқ¬тарын алып, сүйіктілері мен аналарын, қарындастарын, бүкіл нәзік жандарды құттықтап, жылы лебізін арнайды. Ел Президенті мереке қарсаңында әйелдер қауымының өкілдерімен кездесіп, дидарласады.

Ендеше, мереке құтты болсын, арулар!

Мысырлықтар неге шатырсыз үйлер тұрғызады?
Тістің сарғыш болуы сәнде болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу