Ұлыбританияның королі V Георгті жеке дәрігері қалай өлтірді?

Oinet.kz 16-01-2020 788

Ұлыбританияның королі V Георг өмірінің соңында бронхитпен ауырады. Кеселі дендеп кеткен патшаның жағдайы мүшкіл еді. Ақыры ажал жетіп билеуші 1936 жылдың 20 қаңтарында сағат 23:55 көз жұмады. Арада жарты ғасыр өткесін оның аурудан емес кісі қолынан қаза тапқандығы анықталады. 

Screenshot_27.jpg

1986 жылы патшаның  жеке дәрігері Бертран Доусонның оған көп мөлшерде морфин мен кокаиннің бергені дәлелденді. Доусон мұны Георгтың тезірек өлуі үшін әдейі берген. Ал бұл қылмысты  дәрігер патшаның күндіз емес түнгі он екіге дейін көз жұмуы үшін жасапты. Мұндай жағдайда патшаның өлімі жайлы ақпарат Times-тің таңертеңгі басылымына жарияланар еді.  Сол кезде Times –тің  күндізгі емес таңертеңгі басылымы абыройлы саналған. Доусон дегеніне жетті. 

Мейіргерлер күні қалай пайда болды?
Бөкенге көз жанарын қайтарып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу