Моцарттың әйеліне жазған ғашықтық хаты

Oinet.kz 12-03-2020

Егер сіз музыка өнерін жақсы көретін болсаңыз, онада міндетті түрде Вольфанг Амадей Моцарт жайлы толық білесіз деп ойламыз. Нақтырақ айтқанда, оның шығармаларын білеміз. 

vol-am-mocart-5.jpg

Атақты компазитор жайлы қысқаша айтқанда, ол бұл дүниеден ерте озғанымен артынан өшпес мұра қалдыра білді. Кедейшілікте ғұмыр кешкенімен өмірдің әр сәтінен бақыт таба білді. Әрі сол бақытты өз шығармаларына арқау ете алды. 

Ендеше, сіздердің назарларыңызға оның сүйікті жары Констанстың қысқаша естеліктері мен оған ғашықтық хаттарынан үзінді келтіреміз. 

Констанс Моцарттың естеліктерінен үзінді:

Ол (Моцарт) күнде таңғы 5 ерте оянып, жалғыз өзі таза ауда серуендегенді ұнататын. Серуенге шықпа бұрын менің жастығымның жанына әрқашан жазбаларды қойып кететін. Сондай жазбалардың біріне былай жазып қалдырған: «Қайырлы таң, менің сүйкімді жан-жарым! Сіздің жақсы ұйықтағаныңызды, ешетенеге алаңдамағаныңызды, сол жағыңызбен тұрмағаныңызды, суық тигізіп ауырып қалмағаныңызды тілеймін. Мен келгенге дейін үйдегі ретсіздікті жөнге келтіріп қойсаңыз. Бастысы, сізге ешқандай жамандық болмаса екен. Мен NN сағаттар көлемінде қайта ораламын»

Ал енді сезімтал сазгердің әйеліне жазған ғашықтық хатынан үзінді:

Қымбатты менің өмірлік серігімі! Князь жылқылар жайлы келіскенге дейін, мен жүрегімнің бөлшегі, сізге бірер сөз хат жазатыныма қуанып отырмын.

Қалай өмір сүріп жатсыз? Мен сізді сәт сайын ойлағандай сізде мені солай ойласыз ба? Әрқашан сіздің нұр шашқан жүзіңіз бейнеленген портретке ұзақ қарап отырып қуаныштан әрі қайғыдан жылаймын. 

Қымбаттым, мен үшін өз денсаулығыңызды күтіңіз және ең қайырлысың өзіңізге алыңыз. Мен үшін мүлдем алаңдамаңыз. Бұл сапарда мен ешқанда да қиыншылықта сезінген жоқпын, тек сіздің жоқтығыңыз жаныма қатты батады. 

Бұл бақытсыздық, өйткені басқаша болуы да, оны түзету де мүмкін емес. Осы жолдарды көзімнен аққан ыстық сағыныш жасымен жазып жатырымын. Қош бол! Мен Прагада әлі сағыныштан тұншығып көп жүремін: бітіретін шаруалар әлі көп. Қош бол, сені миллион рет нәзік сүйемін әрі мәңгі қаламын. 

                                                                                                                                    Ғұмырының соңына дейін адал болып қалушы сенің Моцартың. 

                                                                                                                                                                                                    Будвиц, 1789 жыл 8 сәуір

Психологиялық тест: «Сіз үшін ненің маңызды екенін біліңіз!»
Сіз қалай ғашық боласыз? Зодиак белгіңіз бұл туралы не дейді?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×