Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелі кім?

Oinet.kz 08-05-2020 74257

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге президент болып сайланғалы оның жеке өмірі бәрін қызықтырары анық. Сүйікті президентіміз зиялы отбасында дүниеге келген. Әкесі – Кемел Тоқаев белгілі қазақ жазушысы, Ұлы Отан Соғысының ардагер, ал анасы – Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдер педагогикалық институнда жұмыс істеген. 

1571135340.jpg

Қасым-Жомарт Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руының тумасы. Жастайынан оқу-білімге құштар президент мектеп пен университет қабырғасында үздік оқып, өзге тілдерді жақсы меңгерген.

Қазірге таңда барша қазақстандықтардың жағдайын жақсарту мақсатында аянбай қызмет жасап жатқан жанашыр президентіміздің отбасы жайлы тың деректер жоқтың қасы. 

Президентіміздің әйелі кім?

Осы сұрақ бәрімізді мазалайтыны анық. Бізге белгілісі ажырасқандығы. Алайда ажырасқан әйелі кім екені жайлы да деректер аз. Жалпы, Тоқаев өз отбасың қатты жасырын ұстайды. 

2019-03-27_12-03-50_267759.jpg

Надежда Давыдовна Тоқаева Төменгі Тагилада дүниеге келген. Кейбір деректерге сүйенсек ол қайырымдылық жұмыспен айналысса, ал басқа деректерде Мәскеуде жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын көрінеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мен Надежда Давыдованың некесінен дүниеге Тимур есімді бала келді. Бұл жайлы ақпарат біршама бар. Ол 1984 жылы дүниеге келген.  Кейбір деректерге сүйенсек, оның бірнеше жылдан бері мұңай саласында жұмыс істеп жүргені айтылады. 

Screenshot_2.jpg

Сонымен бірге, ол «Аби Петролеум Капитал» компаниясының ортақ құрылтайшысы болған. Әрі қоғамдық қызметпенде айналысатыны белгілі болды. Тимур 2008 жылы Кемел Тоқаевтың атымен қайырымдылық қорын құрған. Ал 2011 жылы «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдылығы» атты кітабың жарыққа шығарған.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев туралы не білесіз?
Мақтааралға 6 млн доллар ақша берген Болат Өтемұратов кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу