Психологиялық тест: «Періште қанаттарының бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 19-10-2020 5103

1. Әділдік қанаты. Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.

image.png

2. Махаббат қанаты. Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз. 

3. Рух қанаты. Сіз сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Көп уайымдамайсыз.

4. Шындық қанаты. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз. Махаббатқа құштар жансыз.

5. Үміт қанаты. Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке жаны төзбейді.

6. Түс қанаты. Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.

7. Арман қанаты. Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.

8. Соғыс, майдан қанаты. Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Жүрегіңіздің нәзіктігі, жаныңыздың мейірімділігі айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Өзгелерге нағыз қорған бола алатын, қиын сәтте жақындарының жанынан табылатын жан екеніңізге өзгелер сан мәрте рет көз жеткізген. Сол себепті ортаңызда сыйлысыз, құрметтісіз. Сіз барлығына керексіз. Өйткені, әлем сіз сияқты мейіріміді жандарға зәру.

9. Бейбітшілік қанаты. Неткен қарапайым адам! Мына заманда осыншалық қарапайым адамдар бар ма? Сіз туралы өзгелер осылай ойлайды. Сіздің қарапайым мінезіңіз өзгелер үшін жұмбақ. Тұйықтығыңызды да өзгелер түсінбей жатуы мүмкін. Қолыңызда ақшаны уыстап ұстап жүрсеңіз де қарапайым киініп, қарапайым болып жүргенді жақсы көресіз. Кейде «тым қарапайым болмасаңшы!» деп ақыл айтып жататындар да жоқ емес. Дегенмен, өзгелер үшін сол қарапайымдылығыңызбен ерекшесіз.

Сәби дамуының сатылары
Психологиялық тест: «Көбелектің бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу