Ең үлкен әрі ең сасық гүл

Oinet.kz 30-10-2020 1198

Сасық гүл.jpg

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Оның құрамында 170-ке жуық тропикалық гүлдер бар аройдтар тұқымдастығына жатады екен.

Базел қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 келіні құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр. Бақ қызметкерлері өсімдіктің гүлін көру үшін 17 жыл күткенге ұқсайды.

Титан Арум – әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең сасық гүл де болып табылады. Гүлдің маңына жолай қалсаңыз, шіріген еттің иісі мұрныңызды жарып жіберуге шақ қалады. Бұған қарамастан, гүлді көрушілер қатары сирейтін емес, керісінше күн өткен сайын артуда, өйткені, өсімдік гүлі бірнеше күннен кейін ғайып болады.

Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнайтын тропикалық жемістің бірін таңдаңыз!»
Номофобия деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу