Қуыршақтарды емдейтін аурухана қай елде?

Oinet.kz 04-06-2019 1074

8-144.jpg                                                             

          1830 жылдары Лиссабон қаласының бір қиылысында қуыршақ сататын дүкен болған. Кішкентай ғана дүкенде Карлоте қуыршақтарды өз қолымен жасап сататын. Кішкентай балақайлардың көңілінен шыққан ойыншықтарды ата-аналар көптеп сатып алатын болған. Ойыншық болған соң бір жері сынбай, бұзылмай тұрмайды ғой. Карлотеге сол кездің өзінде сатып алушылар қуыршақтарын «емдеп» беруге әкелетін болыпты. Сенесіздер ме, сол қиылыстағы қуыршақтарға арналған аурухана әлі де жұмыс істеп тұр. Мұнда кірсеңіз науқас қуыршақтарға арналған арнайы бөлмелер мен қолы, аяғы, көзі, басы секілді дене бөлшектеріне арналған арнайы сөрелер қойылған. Дәл осы жерге Лиссабон тұрғындары ұзақ жылдардан бері қуыршақтарын емдеу үшін алып келеді. 

Тіпті аты аңызға айналған аурухананы туристер бір көруге құмартатын көрінеді. Бүгінде қуыршақтарға қызығатын бала да, оны сатып әперетін ата-ана да қалмады дейтіндер қателеседі. Мұнда күнінен шамамен 15-тен 50 адамға дейін келіп көмекке жүгінеді екен. Аурухана мамандары тек қуыршақтарды ғана емес сонымен қатар жұмсақ, матадан тігілген  ойыншықтарды да қалпына келтіре алады. Және қуыршақтың тозған киімдерін жамап, жаңасын да тігіп беруге дайын.   

Курорт па әлде түрме ме?
Стив Возняк жайлы не білеміз? (Видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу