Көруге тиым салынған фильмдер топтамасы

Oinet.kz 20-06-2019 1462

Қорқынышты фильм-адам бойындағы үрейді жеңуге көмек беретін психотерапевт қызметін де атқарады. Болмыстағы жағымсыз энергияны жоюға, мистикалық мәнімен ой шалғытуға көмек береді.  Ең қызығы қорқынышты фильм көріп отырған адам мен қозғалыстағы адамың ағзасы бірдей жұмыс атқарады. Демократиялық қоғамда шектеу  жоқ деп білгенімізбен, елдің озық тұлғалары сыншылық көзбен кей деректерді алуға тиым салады. Тиымы көп салаларың бірі - киноматография мамандығы. Назарларыңызға әлемнің кей мемлекеттерінде тиым салынған қорқынышты фильмдерді ұсынамыз.

сербиялық фильм.jpg

                                                     Сербиялық фильм (2010  жыл, 104 минут)

Қоғамда адреналин жетіспегендіктен, хоррорлық фильмдердің кассалық табысы жоғары болатын. Бірақ бұл фактінің «Сербиялық фильмге» қатысы жоқ.  Себебі, сербиялықтардың тарапынан түсірілген қорқынышты фильмді 46 мемлекет кинотеатрда көрсетуден бас тартқан. Этика мен психологиялық крийтерилерге сай еместігін жауапты тұлғалар жеткізген. Фильмде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты ашық сахналар бар. АҚШ кино майталмандары фильмде психологияға кері әсер ететін 19 минуттық кадрды қысқартып кассалық айналымға енгізген.

Испандық кино саласының мамандары отандық өнімдерінде романтизмнің басымдығын назарда ұстап, хоррор жанры психологияға жүк түсіреді деп таныған.

каннибалдар мекені.jpg

                                   Каннибалдар мекені ( 1979,95 минут)

«Каннибалдар мекені» (итал. Cannibal Holocaust) —италян режиссері Деодатоның  Амазонканың жунглиінде оқиғасы өрбейтін фильм. Қанды жиі көрсетіп, оның жан-жаққа шашылғанын назарға алатын, қаннан субұрқақ орнататын жа сплэттер жанры психологияға соққы жасайды. Фильм ертеректе түсірілсе де, қорқынышты фильмдерде қазір белең алған вомит-гор (бөлшектеу) әдісі жиі қолданылған. Кинокартина алғаш шыққан кезде көптеген мемлекеттерде көрсетуге тиым салынған болатын. Қазірде вомит-гор әдісі адамдарды бөлшектеу кадры қорқынышты фильмдерде белең алғандықтан ғаламтор арқылы фильмді кез келген мемлекеттен көре аласыздар.

пила.png

                                Пила 7 (2010 жыл, 91 минут)

Ең алғаш 2003 жылы қысқаметражды фильм болып жарық көрген. Көрерменнің жоғары сұранысы бойынша араға бір жыл салып фильм толықметражды форматта шығарылды.  Әлемдегі ең кассалық қорқынышты фильм қаражат қорын молайта түсер ме еді? Германия, Украина секілді мемлекеттер бұл фильмді көрсетуге тиым салмағанда... Хоррор фильм Гинес рекордтар кітабына қаржы түсімінің молдығымен енген. 


Өте құнды 18 тарихи фотосурет
Өз жаназасына өзі сценарий жазған Черчилль
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу