Шайтан ба, әлде адам ба?

Oinet.kz 10-07-2019 949

Screenshot_14.jpg

Фотода Хесус Асевес

Әлемдегі ең түкті отбасы Мексикада өмір сүреді. Асевес әулетінің 30 мүшесі туылғанынан гипертрихоз ауруына шалдыққан екен. Соның ішінде жаһанға Хесус Асевестің есімі жақсы таныс. Өзінің айтуы бойынша оның әжесінің денесін де түгелімен түк басқан көрінеді. Ұсқынсыз келбетінің арқасында ол бір кездері циркте өнер көрсетіп, көпшілікке «қасқыр адам» деген лақап атпен танымал болды. Ал 2010 жылы «Әлемдегі ең түкті адам»  деген титулды иемденді. Бір қарағанда жабайы аңға ұқсайтын Хесус қазір телеаранда жұмыс істейді. Әйелі және екі қызы бар. Бір өкініштісі қыздары да гипертрихозбен ауырады. Нәзік жандылар күн сайын қырынып жүруге мәжбүр. Лорето қалашығында өмір сүретін бұл отбасыға жан бағу оңай емес. Себебі жергілікті тұрғындар оларды көшеден байқай қалғанда  шайтан көргендей үрейленсе, енді бірі кемсітуге дайын тұрады.  

Құны 1 миллион еуро тұратын картоп туралы естуіңіз бар ма?
Әлемдегі сүйікті кейіпкеріне ең адал адам кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу