Альтернатива деген не?

Oinet.kz 15-07-2019 5247

Альтернатива-вредным-привычкам.jpg

«Альтернатива» сөзін көп жағдайда «таңдау» сөзімен алмастырып жатады. Алайда, шын мәнісінде «альтернатива» сөзімен «таңдау» сөзі мағыналас па? Қазақша-орысша сөздіктерде «альтернатива» сөзінің аудармасы ретінде «балама» сөзі көрсетілген. Бұл термин латынның «alternatus» сөзінен алынып, бір немесе одан да көп нұсқа бар кезіндегі таңдауды білдіретін "басқа, өзге" деген мағынаны берген. Анықтаманы жетілдіру үшін, мәселен сізде 10 теңге бар, 9 теңгесіне кәмпит алуға болады не 7 теңгесіне сағыз, ал, екеуін бірдей алуға қаражат жетпейді, демек таңдау жасауға тура келеді. 

Бұл ситуациядағы альтернатива деп отырғанымыз осы кәмпит пен сағат. Сөзбен қолданған жағдайда, кәмпиттің альтернативасы, яғни баламасы, деп қолдануға болады. Альтернатива таңдауда тұрған заттың не іс әрекеттің әрқайсысына берілетін сипаттама. Осылайша, сөздің мағынасы, көп таңдау ішінен біреуін ғана таңдап алуды меңзейді.

Алайда, заман өте келе, бұл сөздің мағынасы кеңейіп, бұрынғы балама енді бірін-бірі жоққа шығаратын мағынаға ие болды. Оған мысал, қазір қолданылып жүрген «альтернативті қуат көзі» тіркесі бола алады. Альтернативті қуат көздері ретінде су, жел, күн энергиясы есептелінеді, алайда дәстүрлі энергия көздері есептен шығарылмайды. Демек, «альтернатива» терминінде әлі таңдау қалады, алайда бұл жолы бір емес бірнеше нұсқа таңдалады.

Философия ғылымында жоғары айтылып отырған термин бір мәселенің бірнеше анықтамасын көрсетеді. Және көрсетілген нұсқаның барлығының теңдей растығын көрсетеді.

«Альтернатива» сөзі ғылымның юриспруденция, экономика салаларында да басқа мағынамен қолданылады. Алайда, олар ендігі шектеулі болып есептеледі.

Ньютонның Apple-ға қатысы қанша?
Парадокс деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу