Нумерология жайында...

Oinet.kz 15-07-2019 3219

foto-iz-otkrytyh-istochnikov_rect_e7b29a57df36289ede499e2fdd0c7ea5.jpg

Нумерология өміріміздегі цифрлардың бір-бірімен байланыстарының құпияларын ашатын мистикалық ғылым. Кейбір адамдар иманындай сеніп жатса, бірілері «сандырақ» дейді. Бұл ғылымда әрбір цифрдің адам өмірінде маңызы бар делінген. Кез келген адамның өміріндегі сандар белгілі бір жайтқа нүсқайды, адамның мінез-құлқын ашып көрсетеді немесе болашаққа болжам жасап тұрады. Нумерология адамның туылған күні арқылы оның тағдырын, мықты, әлсіз тұстарын, өмірінің қай тұстары жеңіл болатынын, қай тұстары оңай болатынын, өмірінде қандай құбылыстар күтіп тұрғанын есептеуге болады деп есептейді. Бұл ғылым біршама қызықты және ғылыммен нумерологтар айналысады. 

Тәжірибелі нумерологты интернеттен тез табуға болады. Олар белгілі төлемақыға сіздің туған күніңіз арқылы сіз жайлы қазіргі және болашақ болатын шындықтарды жайып салады. Алайда бұл жұмыспен өзіңіз де айналыса аласыз. Интернетте отырып арнайы сайттарға кіріп туылған күніңізді енгізсеңіз, сайт сізге автоматты түрде нәтижесін шығарып береді.

Көптеген адамдар сандар сиқырына сене бермейді, бірақ оларда ерекше, қызықты нәрсе бар екеніне қоршаған ортадағы кейбір құбылыстар дәлел. Бірақ, ресми ғылым, әрине, нумерология ғылымына өте күмәнданады және сандар адамға әсер етпейді, мұнда мистикалық байланыс жоқ, адамдар мұндай байланыстарды өздері ойлап табады деп есептейді. 

Сәтті күндер былай есептеледі: Туған күніңіз айдың 5-і дейік. 5-ке 5-ті қос¬саңыз – 10. 10-ға 5-ті қоссаңыз – 15. Оған 5-ті – 20 шығады. Яғни, айдың 5-жұл¬ды¬зында туған адам үшін әр айдың 10, 15, 20-күн¬дері сәтті болмақ. Ал туған күніңіз 2-сі болса, оған 2-ні қоссаңыз – 4. 4-ке 2-ні – 6. Осылай жалғаса береді. Яғни туған кү¬ні¬ңіздегі санды өз-өзіне қосқандағы сан сіздің сәтті күндеріңіз. Егер 1-і болса – 3-і, 5-і деген тақ сандарды сәтті күндерге жатқызамыз.

Нумерология заңына сәйкес, туылған күн, ай мен жылыңды қосып, алу арқылы сандарды біртаңбалыға айналдырады. Шыққан біртаңбалы санның ережесеіне қарай тек адамның мінезін ғана біліп қоймай, оның тағдырының да құпияларын ақтарады. Сол секілді, адамның аты жөні де ерекше рөл атқарып, оның өзі белгілі бір құбылыстарға меңзейді. Мысалы, жетістік пен құрдымға кететін жоспарларың жайында да біле аласың.

Нумерология – тылсым әлеммен байла¬нысы бар эзотерикалық құпия наным жүйесі. Өмір тосын сыйларға толы, өмірдің тылсымдарына, болар керметтеріне, тосын оқиғаларына өміріңіздегі сандар тұрмақ, аспандағы жұлдыздар да бал аша алмас.

Парадокс деген не?
Махаббат формуласы: Алғашқы сезім қалай пайда болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу