Сағыздың пайдасы мен зияны

Oinet.kz 16-07-2019 2377

010-9.jpg

Адамдар байырғы заманнан бірнәрсені шайнауды әдетке айналдырған, ежелгі гректер мастикалық ағаштың шайырын, майялықтар көксағыз, ал сібірліктер сағызқарағай шайырын шайнаған. Үндістан елінде хошиісті жапырақтардың қоспасын шайнаған екен. Бұл сағыздардың барлығы да ауыздан шығатын жағымсыз иісті жоюға, қызылиекке массаж жасауға, тістегі қалдықтарды шығаруға мүмкіндік берген екен. Америка ашылғаннан кейін, Европада шайнамалы темекі пайда болып, сұранысқа ие болған.

Шынайы сағыздың тарихы 1848 жылғы 23 қыркүйегінен басталады. Сағыздың ең алғашқы версиясын Джон Куртис ойлап тапқан және ол қылқанды ағаштың шайырынан жасалған екен.

Сағыз жайлы дәйектер

  • Сағыз арықтатады. Американдық ғалымдар сағыздың 19%-ға зат алмасу жүйесін жеделтетінін дәлелдеп шықты. Бұл процесс арықтауға әбден көмектеседі.Сонымен қатар, сағыз тәбетті төмендетеді.

  • Сағыздың есте сақтау қабілетіне әсері. Ал, сағыздың есте сақтауға қатысты пайдасы мен зияны жөнінде ғалымдардың арасында белсенді қарама-қайшы пікірлер өрбіп жүр. Алайда, зерттеулердің ең көбісінде көрсетілген біркелкі ақпараттар тізбегіне сенсек, сағыз ұзақ уақыттық сақтау жүйесін арттырғанымен, қысқа мерзімді есте сақтау функциясын нашарлататын көрінеді. Мәселен, сіз қазір ғана қолыңызда ұстап тұрған кілтті қайда қалдырғаныңызды тарс есіңізден шығардыңыз.

  • Сағыз кариестен қоғамайды. Кариес тіс арасында орналасқан бактериялар достастығы болғандықтан, оны сағыздың алып шығуы жаңсақ пікір.

  • Сағыз тісіміз үшін зиянды. Сағыз пломба үшін, тіс қаптамасы үшін өте зиянды, оларды әлсіретеді. Сағыз шайнап жатқан кездегі бөлінетін сөл тіске орнатылған пломбаны мүжіп жей бастайды. 

  • Сағыз тыныштандырады. Сағыз ден қоюда және стресс кезінде сізге жақсы қызмет ете алады. 

  • Сағыз жағымсыз иістерді жоймайды. Егер сіз мұндай нәрсеге сенетін болсаңыз, жалған жарнаманың құрбаны болғаныңыз. Сағыз тек түкке тұрғысыз деп табылатын, уақытша хош иісті қалыптастырады.

  • Сағыздың құрамында қауіпті зат бар. Сағыздың құрамындағы тәтті дәм бергіш аспартам аяғы ауыр әйелдер үшін өте зиянды болып табылады.

  • Балалар мен аяғы ауыр әйелдерге сағызды тұтынуға мүлде тыйым салынады. Сағыздан бас тарту уақыты балалар үшін алғашқы дүниеге келген 4 жыл, ал аяғы ауыр әйелдер үшін босанар алдындағы 3 ай.

Элис Уолтон: Әлемдегі ең бай әйел
Әлемдегі ең ескі қонақ үй
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу