Әлемдегі ең жалғыз ағаш

Oinet.kz 17-07-2019 1390

fakty-samoe-odinokoe-derevo-tenere.jpg

Африкандық Нигер мемлекетінің солтүстік-шығыс жағында орналасқан Тенере шөлді мекенінде қараған өсіп тұрғандығы таң қаларлық құбылыс. Бұл ағашты ғалымдар «ең жалғыз ағаш» деп атап кеткен.

Бұл ағашқа 400 километрге дейінгі қашықтықта ешқандай ағаш өспейді.Себебі, Тенеренің климатның зұлымдығы сонша, бұл жерлерде тірі тіршіліктің өсіп шығуы ғажайып құбылыс. Өткен ғасырдың басындағы 30  жылында-ақ ғалымдар бұл ерекше құбылысты байқап, ағашқа 300 жылдың көлемі болғанын анықтаған.

Жылдар бойы ағаш, караваншылар, саудагерлердің жанашыры болып қызмет етіп келген. Көлеңкесі жан саясы, ал жанында орналасқан екі құдықты көргенде шөлдеп келген саудагерлер бұл жерде біраз қонақтаған.

Жергілікті тұрғындар ағашқа зақым келмеуіне ерекше көңіл бөліп, елдімекеннің шырайлы мекені деп есептеген. Тіпті, ағаштың бір бұтағын сындыру өте ауыр қылмыс деп есептелінген. Алайда, Тенере сахарасындағы жалғыз ағашты ешкім аман алып қала алмады. 1959 жылы-ақ француз этнографы анри Лот ағаштың ауыр халде екенін, күтімнің керек екендігін ескерткен болатын. Ағаштың бір шет кронасы дауылдың кесірінен сынған болатын. Соған қарамастан ағаш өмірмен арпалысып келген болатын.

Трагедия 1973 жылы орын алды. Ішіп алған жүк көлігінің жүргізушісі ағашты соғып кетеді де, Тенере шөлі өзінің жағыз ағашынан бір жолата айырылады. Алайда, жүргізуші соғып кетті деген нұсқасымен көпшілік келіспей, сұрапыл дауылды жел жалмады ағаштың жанын деп есептейді.

Қазірде бұрынғы ағаш орналасқан жерде ағаштың құрметіне ескерткіш орнатылған. Өкінішті-ақ...

Сән әлемінде сенуге болмайтын 5 қағида
Әлемдегі ең қымбат дүкен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу