Әлемді өзгерткен әйелдер

Oinet.kz 22-07-2019 1570

36_tn.jpg

Ерлер мен әйелдердің қабілеті жайлы сөз болғанда «ер адамдардың потенциалы жоғары» деген пікірге басымдық беріледі. Алайда, ақыл жыныс таңдамайды дегенге тоқталған нанымды.

Florence_Nightingale.jpg

Суретте Флоренс Найтигейл

Біз Флоренс Найтингейл (1820-1910 жылдар аралығында өмір сүрген) қарапайым медбике жайлы айтудан бастаймыз Ол Қырым соғысы кезінде көптеген сарбаздар өмірін құтқарды. Өзінің жұмысына деген махабаты арқылы басқа медбикелердің де осы мамандыққа көзқарасын өзгертті.  Флоренс Найингейл үшін науқастар мен жараланғандарға күтім жасау-бұл қарапайым жұмыс емес, өз ісіне адалдық көрсету деп ұғынды. Атақты дәйексөз : "егер медбикелердің бар екендігінен пайда болмаса науқас ешқашан жақсармайды". Ол ісіне деген махаббаты арқылы медбикелер тек «күтуші» ғана емес, емдеуші екенін дәлелдей білді."Медбике ісі" мамандығындағы студенттер Флорис Найтингейл сертін береді. 

inx960x640.jpg

Суретте Мария Кюри

Енді тақырыпты күрделендіре түссек, Мария Кюри (1867–1934) деп аталатын ғылым туралы сөз тарқатсақ. Күйеуі-Пьер Кюри екеуі радиоактивтіліктің алғашқы ашушысы ,  "радиоактивтілік" терминінің авторы. Медицинада үлкен маңызға ие рентген аппаратының жасалуына үлкен ықпал жасаған.  Мария Саломея Склодовская(тұрмысқа шыққанға дейін)  Варшавада дүниеге келген. Ол поляк және француз ғылыми-экспериментатор, педагог, қоғам қайраткері. Бірінші Сорбонна әйел оқытушысы. Ол Нобель сыйлығына ие болған алғашқы әйел болды. Сондай-ақ тарихтағы Нобель сыйлығының алғашқы рет екі мәрте лауреаты атанды.

Қорытынды: Өмір оңай емес деп қорытынды шығаруға асықпау керек. Өмір сіздің әрекет еткеніңізге байланысты сый береді. Сенім мен табандылық сізге орнықса, алынбайтын қамал, аласармайтын биік жоқ дей беріңіз!

тереза.jpg

Суретте Тереза ана кескінделген

Тереза Ана  ( 1910 жылдан 1997). Егер жай ғана айтатын болсақ, Терезаның болмысы  қайсарлықты бейнелейді. Өзінің бүкіл өмірін кедей, көмекке зәру  адамдарға арнады. Өмір бойы қайырымдылық миссиялары үшін еңбек сіңірген Тереза 1979 жылы Нобель сыйлығына ие болды.Қорытынды: "Әлемге әрқашан сүйіспеншілік танытыңыз. Сіздің өмірге деген махабатыңыздан сескеніп дұшпаныңыз да қиянат жасай алмасын".

бартон.jpg

Суретте Клара Бартон.

Клара Бартон (1821 -1912). Тәрбиеші. Ерте жасында мұғалім болған ол білім беру саласындағы жетістігімен бөліскісі келді. Сондықтан ол Нью-Джерсиде мемлекеттік мектепті құрды. Ол сондай-ақ американдық «Қызыл Крест» ұйымынн  құрды. Осы мақаладағы  басқа шабыттандырушы әйелдер сияқты, ол да өз өмірін басқаларға көмек арнады. Атақты дәйексөз: "Әкемнің патриоттық қаны менің өмір жолымнан ағады".

ұшқыш.jpg

Суретте Амелия Эрхарт.

Ұшқыш-Амелия Эрхарт (1897жылы дүниеге келген -1937 жылы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен). Эрхарт-Атлантика арқылы ұшақпен ұшып шыққан алғашқы әйел-ұшқыш. Оның батылдығы көптеген әйелдер үшін бұрын "ерлердің жұмысы" деп саналған,ерекше автомабильдің рөлін тізгіндеуге жігер сыйлады. Атақты дәйексөз:"Бір нәрсе жасаудың ең тиімді жолы-бұл жай ғанаекендігіне сену".

 medium-470594707401e4b15518b-1524501653.jpg

Эммелиан Панкхерст.

Эммелин Панкхерст(1858-1928) - Британдық қоғамдық және белсенді саяси қайраткер  . Ол әйелдер құқығы үшін өзінің ыждаһатты күресімен белгілі. Ол Британдық «әлеуметтік-саяси әйелдер» одағының негізін қалаушы және көшбасшысы болып табылады. Әйелдердің сайлау құқықтары үшін күресте маңызды рөл атқарғанын.  Атақты дәйексөз: "Әділдік пен пікір үйлесімі әлемді дұрыс тануға жетелейді".


Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Алло сөзі...
Питер Друкерден үш кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу