638 рет қастандық жасалған Президент

Oinet.kz 25-07-2019 1213

Screenshot_5.jpg

Фотода КСРО басшысы Брежнев пен Куба басшысы Фидель Кастро

Куба революциясының көсемі, 45 жыл бойы Коммунистік партияның бірінші хатшысы лауазымын атқарған  Фидель Кастро Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қай қасиеті үшін дейсіз ғой?  Кастроға өмір бойына 638 рет қастандық жасалған екен. Фидельдің әр күні қауіп-қатерге толы. Оның көзін құртқысы келгендер  тіпті снайпер жалдап ашық оқ жаудыртты, аяқ киіміне, бейсбол добына  жарылғыш заттар орнатты, темекісіне у да қосып берді.  Эйзенхауэр президент болған жылдары Кастроға 38 рет, Кеннеди — 42, Джонсон — 72, Никсон — 184, Картер — 64, Рейган — 197, үлкен Буш — 16 және Клинтон ел билеген кезеңде  — 21 рет қастық әрекет жасалған.  Жер бетіндегі ең көп қастандық жасалған адам ретінде ерекше кітаптан орын алған оның денсаулығы соңғы кездері сыр беріп жүр.

Мұрағаттан, 2016 ж

Әлемдегі ең кішкентай жылқы - Тамбелина
Таңдаған үйіңізге қарай мінезіңізді біліңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу