Халыққа не қызық осы?

Oinet.kz 26-07-2019 1154

69_original.jpg

Қазақстан халқын не қызықтырады осы? Мәдениет? Спорт? Шоу-бизнес? Мүмкін саясат? (деп ойлайды, күні-түні көзін қызыл тамыр торлағанша қоғамдық мәселелерді жанын шығарып жазатындар) Біздікілер не іздейді, осы бір шын мәніндегі статистикаға көз жүгіртейікші...

Google іздеу жүйесі бойынша соңғы бір жылдағы ең көп сауал, сұранымдардың топ ондығы:

1. Ветреный

2. Гранд лион

3. Домашний арест

4. Замуж за бузову

5. Мажор 3 сезон

6.Токаев

7. Аквамен 

8. Веном

9. Кунделик логин войти

10. Игра престолов 8 сезон

Ал, кейінгі рейтингтерде орналасқандардан ең көп көзге шалынатыны күнделік.кz пен гугл аударма жүйесі. 

Статистиканы қысқалай саралай кетсек, кино сүйерлігіміз көзге ұрып тұр. Отанын қатты уайымдайтын халқымыз арагідік президентіне де алаңдап 8-ші орынға алып шығыпты. Тізімдегі күнделікті де 9 орынға әкелген баласының мектептегі бағаларына қам жеген ата-ана я балаларға баға қоя алмай, жаңа жүйеге үйренісе алмай, қайта-қайта кіріп, ақ тер, көк тер болған ұстаздардың жан айқайы болуы керек. 

Соңғы бір ай ішіндегі сұранымдағы тақырыптар:

1. Назарбаев умер

2. Камеран бойс

3. Зона 51

4. Очень странные дела

5. Человек паук вдали от дома

6. Senorita

7. Окрошка рецепт

8. Король лев

9. Lupy games farmer simulator 2019

10. Человек паук

Жалпы, статистиканы анықтау барысында халықтың көпшілігінің іздеу жүйесіне қазақ тілінде емес, орыс тілінде енгізетіндігі анықталды. Мұның себебі де жоқ емес, орыс тілінде мәліметтер көбірек. Ал, сұрастыру орыс тілінде болған сайын, гугл іздеу жүйесі де автоматты түрде қазақ тіліндегі контенттерге сұранымның аз екенін ескеріп, оларды кейінгі беттерге ығыстыра бастайды. Өз тіліміздегі мәліметтер көбірек шығу үшін, іздеу жүйесіне қазақша сұрақтарды енгізу қажет. «Көп түкірсе көл» демекші, өзімізден бастағанымыз жөн. 

Тағы бір маңызды қиылыс, қазақша пернетақтаның көптеген смартфондардың пернетақталарында кездеспеуі. Сондықтан, қазақша контент жасаған кезде тегті қазақша әріптерді араластырмай да жазған ұтымдырақ.

Біздің халық қазірге жоғарыда аталған 3 категория бойынша, яғни «кино», «ойын», «саясатқа ұқсас бір нәрсе». 

Әлемдегі ең әдемі құс - гарпия
Гугл-ға ең көп қойылатын сұрақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу