Аяғы жоқ атлет

Oinet.kz 02-08-2019 956

Screenshot_4.jpg

Оскар Писториус

Гаити —  жер бетіндегі ең кедей мемлекеттің бірі. Ондағы тұрғындар үнемі аштықтан, табиғат апаттарынан, үкіметтегі тұрақсыздықтан зардап шегеді. Әлем халқы гаиталықтарды кедей халық деп қана танымайды, сонымен қатар қайырымды адамдар деп біледі. Әсіресе футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер Zaryen футбол командасы жайлы жақсы білетін шығар. Ол жігерлерін ешкім жаншыта алмаған мүгедек ойыншылардан құралған команда. Бірінің қолы, енді бірінің аяғы жоқ жандар үшін спорт өмірдің мәніне айналған. Мүмкіндігі шектеулі жандар толыққанды адам ретінде өмір сүре алмайды дейтіндерге мүлдем келіспейтін  қос аяғынан айырылған оңтүстікафрикандық жүгіруші Оскар Писториус мұны ісімен дәлелдеп жүр. 

Ал команда мүшесі  Уилфрид Mакена: " Сау адамдар бір күні біз секілді күйге түсуі мүмкін екенін естен шығармасын. Бізді мұқататын адамдарға айтарым мен жүре аламын, жұмысты аяғы бар адамдардан да артық істей аламын. Мүгедектік өмірді сүйетіндерге кедергі емес»,- дейді ол. Бүгінде команда үлкен-кішілі жарыстарда топ жарып жүр. 

Гүрілі қатты сарқырама
Робот-медбике
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу