«Арыстан патша» фильмі жайлы қызықты деректер

Screenshot_3.jpg

 Елімізде  17 шілдеден бастап "Арыстан патша" (Король лев) фильмі көрсетілімін бастаған болатын. 24 сағат ішінде 224,6 миллион қаралым жинап, рекорд жаңатқан ремейк жайлы қызықты деректер: 

- Фильмнің түсірілімін  "Дисней" кинокомпаниясы 2017 жылдан бастады. 

- Фильм ұзақтығы 118 минут. 

- Таспалауға кеткен шығын - 260 млн АҚШ доллары.

- Алғашқы 10 күнде - 500 млн пайда түскен. 

- 1994 жылы ең алғашқы мультфильм жарық көрді. Ал, 2002 және 2011 жылдары мультфильмнің ремейк нұсқасы көрсетілімге шықты. Жобадан түскен пайда - 960 млн АҚШ долларын құрады. 

- Фильм режиссері Джона Фавро "Темір адам" (Железный человек), "Кек алушылар" (Мстители) және "Өрмекші адам" (Человек-паук) сынды фантастикалық фильмдерімен көрермендерге таныс. 

- Түсірілім кезінде Фавро технологиялық сюжеттің техникасын қолданды: ол шынайы әркеттерді  түсіріп, сонан соң  фотореалистік компьютерлік суреттермен біріктіру арқылы жасады. 

- Фильм виртуалды шындық технологиясын қолдана отырып түсірілгеннен кейін Джон Фавро жұмыстың жаңа сатысына өтіп, картинаны анимация процесінде бағыттай бастады. Нәтижесінде суретшілердің, техниктердің, көркем фильмдер саласындағы кәсіпқойлардың және озық аниматорлардың үлкен тобы, шын мәнінде, фильм түсірудің жаңа тәсілін ойлап тапты.

- Дональд Гловер - Симба ;

  Бейонсе Картер Ноулз - Симбаның сүйіктісі Нала; 

  Муфасу Джеймс Эрл - арыстан дауысын шығарды;

  Альфри Вудард -  Симбаның анасы ретінде;

  Пумба - Сет Роген;

  Тимона - Билли Айкнер; 

  Джейди МакКрари - кішкентай Симба рөлін үлкен жауапкершілікпен алып шықты.

- Түпнұсқадан жалғыз айырмашылығы - Наланың мінезін Симба секілді барынша, анық көрсете алды. 

- Көрермен тарапынан африка-американдық актерлердің көптігіне байланысты фильм қатты сынға ұшырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жәндіктер неліктен ауру сезбейді?
  • Көздің жасы неліктен тұзды?
  • Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?
  • Шыбындар табандарын неліктен жуады?
  • Агнотология қандай ғылым?