Аспанның түсі неге көк?

Oinet.kz 12-08-2019 2475

Screenshot_6.jpg

 Кейде, балақайлардың қойған сұрағына жауап таппай қалатынымыз бар. Олардың қызығушылығының жоғары болғаны соншалықты, кез-келген дүниеге назар аударып қарайды. Үш жасар інімнің: - Неге аспанның түсі көк?- деген сұрағына, үнсіз қалғанмын. Расымен, неліктен ол көк түсті? Өзіме де қызығырақ болды. 

  Осыдан дәл 120 жыл бұрын, яғни, 1899 жылы ағылшын ғалымы, физик Лорд Д.Рэйлей нақты түсіндірме жасаған екен. Мысалы, жерге аппақ сәулені жіберіп көрейік. Жерге барар жолда жарық өзгеріске ұшырап,нәтижесінде  біз көк аспанды көреміз. Сонымен, ақ жарық - бұл түрлі-түсті сәулелер жиынтығы, яғни ол 7 түстен тұрады: қызыл, қызғылт сары, жасыл, сары, көгілдір, көк және күлгін. Оларды біріктіріп, ақ жарық аламыз. Бұл қалай, жарық қалай ыдырайды және неге біз тек көк түстерді көреміз?

 Әуелгі болжам бойынша: Жерді қоршаған ауа - бұл  оттегі, азот, аргон және т.б. газдарының қоспасынан тұрады. Жер атмосферасының жоғарғы бөліктерінде озон қабаты түзілген. Сондықтан кейбір ғалымдар су мен озон молекулалары қызыл сәулелерді сіңіріп, көк сәулелерді таратады деп сендіреді. Бірақ есептеулерге сәйкес, жер атмосферасында аспанға көгілдір түс беру үшін су мен озон жеткіліксіз екендігі анықталған.

 Күннің ақ сәулелерінің бір бөлігі газ молекулалары арасында байланысқа түспей өтеді де, шамалы өзгеріссіз жер бетіне жетеді. Екінші бөлігі,  газ молекулаларына сіңеді. Фотондармен байланысқан кезде молекулалар энергиямен зарядталып, содан кейін  фотондар түрінде энергия шығарады. Бұл қайталама фотондар кез-келген түсте болуы мүмкін, өйткені олардың толқын ұзындығы әртүрлі - қызылдан күлгінге дейін. Олар барлық бағытта шашырайды: Күнге, қабаттарға және жерге. Газ молекуласы күн сәулесінің фотондарымен соқтығысқан кезде, көк түс пайда болады.

 Ал, осы құбылысты үш жасар балаға қалай түсіндірер едіңіз?  Қызық...

Неге дауылды апаттар әйелдердің есімімен аталады?
«Gangnam style» клипінің рекорды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу