Сальвадор Дали мүйізтұмсықпен бір торда қалай отырды?

Oinet.kz 12-08-2019 1194

Screenshot_5.jpg

Испандық суретші Сальвадор Дали картиналарын ерекше жерлерде салғанды ұнатқан. «Мүйізтұмсықтың тұмсығы» атты картинасы да өзгеше жағдайда салынған. Туынды 1955 жылдың 30 сәуірінде зообақта басталған. Картина шынайы шығу үшін суретшінің мүйізтұмсықтың торына кіруге тура келген. Ол басына бір үзім нан қойып, жанына өзінің «тоқымашы әйел» картинасын қойып қояды. Ал көмекшілері Франсуа есімді мүйізтұмсыққа тиісіп, ашуын шығаруға тырысады. Мұндағы Далидің ойы жануар алдында тұрған кенепті мүйізімен тесіп өтсе. Алайда Франсуа суретшінің дегеніне көне қоймады. Ақырында ол зообақтың «тұрғынын» өзі кенепке жақындатып, мүйізімен тескізген екен. 

Маникюрмен шіркеуге кіре алмайсыз
44 баланы дүниеге әкелген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу