Орта ғасырда адам терісінен қандай бұйымдар жасалған?

Oinet.kz 14-08-2019 1454

Screenshot_12.jpg

Тері - өндіріс саласында таптырмайтын, қымбат материалдың бірі. Ертеден-ақ теріден адамдар аяқ киім, сөмке, киім, аксесуарлар, жиһаз жасап келеді. «Теріден жасалған» дегенді естігенде әрине, ең бірінші жануарлардың терісі ойымызға оралады. Алайда әр елде адам терісінен жасалған түрлі заттар кездеседі екен. Соның бірі – кітап. Адам терісінен жасалған кітаптар Гарвард университетінің кітапханасынан табылып отыр. Құнды теріден жасалған ең көне кітап III ғасырда жасалған Библия кітабы. Теріден жасалған кітаптар әсірсе, Францияда  18-19 ғасырларда сәнге айналған. Мұндай оқулықтар көбінесе әйелдерге, құрметті адамдарға және туыстарына сыйлыққа берілген. Шеберлер кітапқа материалды өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің, үйсіз жандардың өлі денесінен алған. Кейбір адамдар тіпті, өлгеннен кейін терісін кітап жасауға аманат етіп қалдырып кеткен екен. Француздарда тек қана кітап емес сонымен қатар адам терісінен жасалған белдік, әмиян, темекі сауыты, қолғаптар да үлкен сұранысқа ие болған.

Чех халқының батыры Ян Жижка қайтыс боларының алдында терісінен дауылпаз жасатуды аманат етіпті. Ян Жижка өзі өмірден өтсе де дауысы мәңгі жаңрығып тұруын қалаған екен. Дәл осы дауылпаз жауларын қатқыл үнімен біразға дейін  қорқытқан екен. 

Тарихта тағы да мынадай қызық дерек бар. Исландия мұражайынан адам терісінен жасалған шалбарды көруге болады. Ол орта ғасырда Исландия аралында  өмір сүрген көріпкелге тиесілі. Сол заманда өмір сүрген көріпкелдер ер адамнан тірі кезінде өлгеннен кейін терісін алуға рұқсат сұрап алады. Әлгі кісі қайтыс болып, жерге көмілгеннен кейін, тәуіптер мәйіттен белінен бастап  аяғының саусақтарына дейінгі терісін бүлдіріп алмай ақырын сыпырып алған. Содан кейін теріні өздері киіп жүрген. Олардың сенімдері бойынша бұл жоралғы ақша шақыратын көрінеді. 

Жігіттердің 90 пайызына қара торы қыздар ұнайды
Әлемдегі ең жүйрік құс сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу