Орта ғасырда адамдар тышқанның миымен тісін жуған

Oinet.kz 14-08-2019 1058

Screenshot_5.jpg

Жеке бастың гигиенасын сақтауды адамдар ерте бастан-ақ білген. Сабын пайда болмай тұрып адамдар күн сайын таңертең бетін өзінің кіші дәретімен жуған екен. Викториан ғасырында зәрден кейінгі антисептиктердің бірі шарап болған. Бүкіл Англия  жұртын жұдырығында ұстаған Виктория патшайымның тұсында нәзік жандылар бет терісін ағарту үшін қорғасын ағартқышын қолданғанын тарихшылар жиі айтады.  Ал ежелгі римдіктер тісін жуу үшін тышқанның миын қолданған екен. Қасына көңілі толмаған әйелдер тышқан терісінің көмегімен қиылған қасқа қол жеткізген көрінеді. Бүгінгі қыз-келіншектер сепкілмен әлі күресіп келеді. Сепкілді ерте дәуірдің адамдары да жақтырмаған екен. Одан құтылу үшін небір шөп дәрілерді жаққан. Соның ішінде сепкілмен күресудің бір жолы күкірт болған. 

Батыр Көшербай көпшілік мақтаған әкім болды
Қолтырауыннның да құлағы бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу