Батыр Көшербай көпшілік мақтаған әкім болды

Oinet.kz 14-07-2019 1750

Screenshot_5.jpg

Ендігі мәселе Сапарбек Тұяқбаевтың орны кімге бұйырады? Алғашқыда облыс әкімінің өнеркәсіп, кәсіпкерлік салаларына жетекшілік жасайтын орынбасары болып Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай барады деген әңгіме тараған. Б.Көшербай облысқа Жансейіт Түймебаев әкім болып келе салысымен қызмет ауыстырды. Артынша ол Қаржы министрлігіне қарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Осылайша әкімдік саладағы карьерасын күрт басқа салаға бұрды. Батырбек Көшербай екі ауданға-Төле би және Бәйдібек аудандарына әкім болған. Екі басқармаға-облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен  айқай-шуы көп энергетика, тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасына басшылық жасады. Ел аузында іскер әкім, білікті басшы ретінде аталды.  Бәйдібекте жақсы бастамалар көтерді. Оның тұсында елді мекендерде көптеген әлеуметтік нысандар салынды, жаңартылды. Ауылға ауыз су, табиғаи газ тарту жұмыстары қарқын алды. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда бәйдібектіктер іскер әкімдерін қимай-қимай шығарып салған көрінеді. Батырбек Көшербай үшін қаржы бақылау саласы таңсық емес. Ол қызмет жолын қарапайым бухгалтер болып бастаған, еңбек жолында қаржылық бақылау, салық және мемлекеттік тергеу комитеті органдарында істеген. 

Ал Б.Көшербайдың орны  Бахытбек Танагөзовқа бұйырды. Бахытбек Танагөзов Созақ ауданының тумасы. Еңбек жолын комсомолдан бастаған. Кәсіпкерлік, банк салаларында еңбек еткен. Созақ ауданы әкімінің орынбасары, бұдан кейінгі жылдары Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі, одан кейін аудан әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. Биылдың мамырынан бастап Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып істеп келген. Айта кетейік, бұл Жансейіт Түймебаевтың облыс әкімі лауазымына кіріскелі жасаған алғашқы кадрлық ауыс-түйісі. Ж.Түймебаев әзірге ешкімді орнынан алған жоқ. Тек облыс басшылығындағы ауыс-түйістен кейін босап қалған орындарға кадр тағайындап жатыр. Облыс әкімінің аппаратында Атамқұловпен бірге Астанаға қызмет ауыстырған біраз кадрлар бар. Олардың орны кімге бұйырары белгісіз. Облыстық мәслихаттың хатшысының креслосы да Түймебаевқа дейін иесіз қалды. Рас, мәслихат хатшысын әкім тағайындамайды. Дегенмен жаңа кандидатураны бекітуде облыс басшысының пікірі ескерілетіні бесенеден белгілі ғой. Сондай-ақ, Астанада ат ауыстырған Сапарбек Тұяқбаевтың орны да ұзақ уақыт бос тұрмасы әмбеге аян. Бәрін уақыттың төрелігіне тапсырдық.

Мұрағаттан, 2016 ж

АҚШ-тағы адам тұрмайтын ежелгі тастанды қала
Орта ғасырда адамдар тышқанның миымен тісін жуған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу