Омар Хайям туралы фактілер

Oinet.kz 20-08-2019 3196

Картинки по запросу омар хайям интересные факты

  • Хайям Омардың тегі емес. Омардың әкесі Ибрагим шатыр ұстасы болған екен. Ал «хайям» парсы тілінен «шатыршы» деген мағынаны береді.

  • Қазіргі тарихшылар Омарды іштар, тұйық, қатал адам ретінде қарастырады, сөйтсе де оның есте сақтау қабілетінің танқаларлық екендігін айтады. Әйгілі тарихшы Аль-Бейхаки Өз еңбектерінің бірінде былай деп жазады: «Ол ибн Синаның ізбасары, алайда оған қарағанда жасырын, тұйық адам. Бірде Исфаханда ол бір кітапты 7 қайтара оқып әлгі кітапты жаттауға шақ қалды. Ал елге оралғанда сол кітапты қағазға түсірді. Түпнұсқамен салыстырылғанда ешқандай айырмашылық таба алмадық».

  • Ресейде ұзақ жылдар бойы поэт Омар Хайям мен Омар ғалым екі  түрлі адам болып есептелініп келген. Оның себебі Омар өзінің шығармаларын араб тілінде, ал жалпыға ортақ ғылым жөніндегі жазбаларын парсы тілінде жазып қалдырғандығында екен.

  • Наурыздық нақ қай күні боларын Омар Хайям есептеп шығарған екен. 

  • Омар Хайямның рубайлары 1859 жылы белгілі болады. Аудармашы Фицджеральд Омардың еңбектерін аударған сәтінде, олар әр қайғырған адамның ауызына түсер алғаш сөзі боларын елестетпеген де. 

  • Парсы сұлтандары үшін Омар Хайям гороскоп жасаумен айналысады. Осы кезеңде ол исфаханадағы обсерваторияны басқарады және жұлдыздарға қарап оқиғаларды, болашақты болжады. Астрологиялық болжамдарды жасау оның тікелей міндетіне кірді.

  • Өлерінен бірер сағат бұрын Омар Хайям тістерін алтын тістазалағышпен мұқият тазалап, ибн Синаның «Исцеления»  кітабынан метофизиканы оқып отырады. Содан ол тіс тазалағыш алтынды кітап бетіне қойып, жауып, өсиет қалдыруға таза адамдарды шақыртады. Содан соң құлшылық жасап о дүниеге аттанып кетеді.

Гибралтар туралы қызықты деректер
Бильярд ойыны туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу