2022 жылы алғашқы қалқымалы мемлекет пайда болады

Oinet.kz 21-08-2019 1039

fakty-plavuchee-gosudarstvo-3.jpg

Жаһандық жылыну туралы естуіңіз бар ма? Бұл қауіптің растығын ғалымдардың 90% растаған. Олардың айтуынша, тек соңғы 30 жыл ішінде жердің температурасы жарты градусқа, ал әлемдік мұхит деңгейі ХХ ғасыр ішінде 15 сантиметрге дейін жоғарылаған. Әрине бұл ақпаратпен келіспейтіндер, теріске шығарып, жаһандық жылыну жай ғана сөз дейтіндер де бар. Алайда  мұхит деңгейінің жыл санап көтерілуі сенбеске амал қалдырмайды. Сондықтан дауласу орнына ол апаттан адамдарды аман алып қалу жолын қарастырған дұрысырақ болар еді. Себебі  планетамыздың тұрғындарының басым көпшілігі су басу қаупі бар аудандарда тұрады.

Мұндай ахуалдан шығу жолын PayPal компаниясының негізін қалаушы Питер Тиль ұсынған. Ол жағалаудағы су басатын аудандардағы тұрғындарға арнап қалқымалы мемлекеттің құрылысын бастауды ұсынған. Питер Тиль мұндай жобаны қаржыландыратынын, 50 миллион доллар көлемінде қаржы бөлетінін де айтқан.

Алғашқы ондай мемлекет жақын арада, 2022 жылы Тынық мұхитында пайда болуы мүмкін. Жасанды аралда 300-ге жуық үй құру жоспарлануда. Сонымен қатар ол үйлер ең заманауи инфрақұрылыммен жабдықталатын болады. Бір сөзбен айтқанда, аралдағы өмірдің жердегі өмірден айырмашылығы болмайды. Үйлердің шатырлары топырақпен көмкеріліп, саяжай телімдеріне бөлініп, тіпті жер егіншілікпен айналысуға да мүмкіндік болады деп күтілуде.

Мұндай арал Таити аралының жанынан соғылып, суға жіберіледі. Қалқымалы мемлекет халқы өзге мемлекеттер билігіне бағынбайды және өздерінің жеке билік және заң жүйесін құрады. Қазіргі таңда заңдар жинағымен жұмыс жасалынуда. Жақын арада Конституция жобасы да дайын болып қалады деп күтілуде.

Бұл айтулы жобаның іске асуына Француз Полинезиясы да үлкен қызығушылық танытуда. Себебі әлемдік мұхит деңгейі бұдан әрі де көтеріле берсе, Француз Полинезиясының көп бөлігі су астында қалу қаупі бар.

Қалқымалы мемлекеттің алғашқы азаматтарының өмірі қалай болатынын болжап айту қиын болғанмен, бірақ әзірге оларға бәрі риясыз, керемет күйде таныстырылуда. Халықтың заманауи өркениеттің көптеген қиындықтары мен мәселелерінен құтылып, әлемдік қаржы жүйесіне тәуелді болмай, тіпті өздерінің жеке криптовалютасы да болады деп күтілуде.

Арал 11 платформадан тұратын болады. Егер қалаған жағдайда, мемлекеттен бөлініп, жеке жүзіп кетуге де болады. Ғимараттардың бір бөлігі бос болатындықтан, бос ғимараттарды кеңселерге жалға беруге де мүмкіндік болады.

Қазіргі таңда бұл жобаға фирмалармен қоса жеке тұлғалар да атсалысуда. Егер алғашқы арал-мемлекеттің тағдыры сәтті шықса, жоба одан әрі де жалғасын табатын болады.

Жаңбыр туралы деректер
Құлаққаптар қашан пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу