Агнотология қандай ғылым?

Oinet.kz 23-08-2019 1460

Screenshot_16.jpg

 Агнотология - грек тілінің «agnosis» - надандық мағынасын білдіретін,  жалған ақпараттарды таратушылармен күресетін ғылым түрі. Агнотологияның негізін қалаушылардың бірі - АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғылым тарихы профессоры Роберт Проктор.  1979 жылы Броун Уилстон  темекі компаниясының құпиялық хаты әшкереленіп, агнотологияның шығуына себеп болды. Онда темекіге қарсы үгіттейтін пропагандамен күресудің түрлі тәсілдері айқын  жазылған.  Бұл әдістер Роберт Проктордың қызығушылығын тудырды. Ол кейбір темекі өндіруші компаниялардың темекінің денсаулыққа зиян екенін жасыру мақсатында бірнеше миллиард доллар жұмсағанын анықтады. Нәтижесінде профессор жалған ақпараттың таралуын зерттейтін "Агнотология" терминін ойлап тапты. 

 Агнотология продуктіні сатуды немесе қандай да бір пайда алуды мақсат етеді. Надандықты зерттейтін маман Дэвид Даннингтың пікірінше, білмеушіліктің таралуына себеп - ғаламтор. Себебі онда кез келген адам өзін сарапшы етіп таныстыра алады. Бұл өз кезегінде ғаламтордың надандықты үгіттеп, өсіруді мақсат ететін топтарға үлкен мүмкіндік екенін білдіреді.

Жалбыз неліктен ауызды мұздатады?
Шыбындар табандарын неліктен жуады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу