Кофенің пайдасы мен зияны

Oinet.kz 27-08-2019 1943

upload

Сіз білмеген кофенің пайдасы

Кофеин мидағы дофамин деңгейін арттырады, ол бізді сергек және көңілді сезіндіртеді. Кофені аз мөлшерде тұтыну орталық жүйке жүйесіне оң әсер етеді: көңіл-күйді жақсартады, физикалық және ақыл-ой белсенділігін арттырады.

Пайда дейтін пайдасы болмаса да кофе иісі жаман иістерді жақсы жояды. Тіпті парфюмериялық дүкендерде кофе дәндерін бір әтірдің иісінен кейін бас әтірдің иісін сезу қабілеттілігін арттыру үшін де қолданатын көрінеді.

Бірақ сергіткіш сусынның әуесқойларын қуантатын жақсы жаңалық та жоқ емес. Соңғы зерттеулер аз мөлшердегі кофенің зиянсыз және тіпті пайдалы екендігін дәлелдеді. Кофенің адам ағзасына әсері кофеинмен байланысты. Бұрындары кофеин стимулятор ретінде есептелеті, ал қазір ол ұйқы келтіретін нервтік жүйелерді тежейтіндігі анықталды.

Сонымен қатар кофеин қантамырларды кеңейтіп, бас ауруын тудыртатын спазмаларды жояды.

Миннесот университетінің ғалым-профессорлары кофеинді наркотиктері қатарына жатқызуды еш дәйексіз деп тапты. Екеуінің ұқсастығы тәуелділігінде ғана, сөйтсе де кофеинге тәуелділік нашаға тәуелділіктен айырмашылығы жер мен күндей.

Мысалы, Қытай ғалымдары кофе тұтынушыларында жүрек ырғағының бұзылуы оны ішпейтіндерге қарағанда 6% - ға аз дамитынын атап өтті. 

Онысымен қоса кофенің бауырға тигізер пайдасы да мол екен. Кофені жүйелі түрде пайдалану бауыр обырын және тіпті қант диабетін төмендетеді. Ал үнемі кофе ішетіндер сүт безі обырымен және суықтап қалумен сирегірек ауырады екен. Сондықтан оның денсаулыққа зияны туралы қауесет ауыз-екі әңгіме.

upload

Кофе қаншалықты зиян?

Кофені сергек кезде ішу зиян болуы мүмкін. Себебі организм өзі де сергек, белсенді қалпында кофе энергетигін тұтынса, ағзадағы энергия шектен тыс артып, керісінше зиянын тигізе бастайды.

Кофені шылыммен немесе коньякпен бірге ішу өте қауіпті. Аяқ-қолыңыз дірілдеп, сау адам қалпынан айырылуыңыз ғажап емес.

Кофенің жүкті әйелдерге әсері де дозасына байланысты. Егер кофеиннің тәуліктік нормасынан (200 мг) артық болса, баланың "қоян ерінді" және жүрек ақауы бар болып туу қаупі артады.

Ген жайында ғалымдардың қате пікірі
Жер серігінің ғылыми атауы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу