Ақ шоколад шын мәнінде «шоколад» емес

Oinet.kz 27-08-2019 1190

p-2-695x505.jpg

Статистика бойынша адамдардың 85 пайызы тәттіні жақсы көреді екен. Тіпті онсыз өмірін елестете алмайтындар да бар екен. Мұның зияны да баршылық. Себебі тәттіні тым көп жеу ағзаңызға пайдасынан гөрі залалын көп тигізеді, қант диабетіне, артық салмаққа, яғни семіздікке, тіс ауруларына және басқа да ауруларға соқтыруы мүмкін. Дегенмен тәттінің де ағзаға өз қажеттілігі бар. Мөлшерімен жеген тәтті мидың жақсы жұмыс жасауына, сергектікке, жақсы көңіл күйге септігін тигізіп, ағзаңызға энергия сыйлайды.

Тәттінің алуан түрлілігі секілді адамдардың да оған деген талғамы әртүрлі. Кейбірі тәтті торт, бәліштерді жақсы көрсе, кейбірі кәмпитсіз жүре алмайды. Кейбірі шоколадсыз шай ішпейді. Менің бір құрбым ақ шоколадсыз күнін елестете алмайтын. Оның бұл құмарлығының ағзасына пайдасы не зиянын білу үшін ақ шоколад туралы зерттеп көрдім.

Біздің ақ шоколад деп жүргеніміз шын мәнінде шоколадқа жатпайды екен. Оны какао майы, қант, үлдірлі құрғақ сүт, ванилиннен какао ұнын қоспай дайындайды екен. Сондықтан оның түсі ақсары түсті болып келеді және құрамында теобромин жоқ. Карамельдің татымы бар құрғақ сүт оған қайталанбас ерекше дәм береді. Алайда дайындау ерекшеліктері рецептінен, сапасы мен құрамына байланысты болады екен. Ондағы какао майының мөлшері де аз болғандықтан, ақ түсті плитканың дәмі де бірден білінеді.

Мүндай тәттіні дайындау үшін какаоның тек сығынды майы қолданылады. Ақ түсті бұл кереметті тек құрамында талапқа сәйкес кемінде 20 пайыз какао майы болғанда ғана шоколад деп айтуға болады.

r-695x556.jpg

Бірақ жалпы нарықтағы шоколадтар талапқа сай жасалады деу қиын. Оларды арзан ұнтақтан немесе гидрогенделген өсімдік майларынан жасайды. Мұндай өнімнің какаодан жасалған шоколадқа мүлде қатысы болмайды. Қалай болғанда да ақ шоколад ерекше қайталанбас дәмге ие. Ал шын мәнінде талап бойынша шоколад құрамында 20 пайыз какао майынан бөлек 15 пайыз құрғақ сүт пен 55 пайыз қант болуы міндетті

Краб таяқшалары зиянды ма?
Ең ұзақ өмір сүретін 5 ел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу