Төрт мыңға жуық оттық жинаған

123.jpg

Словакияда «Линго» деп аталатын кафе темекі шегетін тұрғындардың сүйікті орнына айналған. Себебі мұнда оттықтың неше түрлі «атасы» кездеседі. Ғимараттың бұрынғы қожайыны Берталан Абахази кафенің интерьерін жасау үшін 3900 оттықты жинаған. Қожайынның қазасынан кейін оның ісін ұлы кіші Берталан Абахази жалғастырған. 1993 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан орында небәрі 400-ге жуық оттық болған екен.  Коллекционер Абахазилердің ісі алға жылжып, оттыққа қызығушылардың саны артқан соң олар коллекция түрлерін көбейте бастаған. Мұражай іспеттес демалыс орнынан қазір туристер де көптеп ағылуда. Кафенің бір ерекшелігі мұнда келген қонақтар оттығын естелікке қалдырып кетеді. Осылайша «Лингоның» танымалдығы арта түскен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Байлыққа апаратын 8 жол
  • Психологиялық тест: Аяқ киімдердің бірін таңдаңыз!
  • Халық қойған есімдер
  • Психологиялық тест: Хаттар алда не күтіп тұрғанын анықтайды
  • Психологиялық тест: Жарыңыз үйге кеш келсе қалай күтіп аласыз
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика