Қорғансыз, бірақ қатігез жануарлар

Oinet.kz 05-09-2019 1198

151420213411997682.jpg

Кейбір жануарлардың сүйкімді түрлеріне қарап, адам өміріне қауіп төндіреді деп ойламайсың. Алайда олар қанша жерден сүйкімді, қорғансыз болса да мақұлықтар есебіне жатады. Мәселен туристердің сүйікті аюы коалаға жолай бермеген дұрыс. Себебі  13 келіден аспайтын коалалар адамдардан үріккен кезде балаларын немесе өзін қорғау үшін ұзын тырнағы, мықты жақ сүйектері және өткір азу тістерімен жаралауы мүмкін. Бірақ оқиға соңы өлімге бара қоймайды. Коаланың туысы панда да қауіп-қатерді сезген бойда қарсыластына тап беріп бірден өлтіреді екен.  Ал лоридің мөлиіп тұрған көзіне қарап, құшағыңа басқың келеді. Алайда бұл әрекет сізді жарық дүниден айыруы мүмкін. Лоридің шынтағында өте күшті у болады. У адам денесіне тиген жағдайда ауа жетпей, қылқынып өледі. Дельфиннен де сақтанып жүрген абзал екен. Өйткені ақылды балық қатты ашуланған кезде адамдарға шабуыл жасайды. Олар маңдайымен адамдарды ұрып, тістелеп тастайды екен.  Салдарынан жапа шегуші қатты жараланса, кейде тіпті өлім құшады. 

Рейган сәнқой президент болған ба?
Жалпыламалық білімдер 1000-1100
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу