Голливуд туралы қызықты деректер

Oinet.kz 24-09-2019 1913

9ce01dd0cb4d83da7f8558fbbebaac6e.jpg

Ең алғашқы голливудтық фильм екі күннің ішінде түсірілген. Режиссер Дэвид Уорк Гриффиттің «Көне Калифорнияда» («In Old California») деп аталатын туындысы болатын. Бұл некесіз туған ұлын Калифорнияның губернатор болғанға дейін тәрбиелеп өсірген испан әйел туралы фильм.

Осы күнге дейін визажистер мен әрлеушілерге ең көп ақша жұмсалған фильм – «Маймылдар ғаламшары» («Planet of the Apes»). Фильм бір миллион АҚШ долларына түсірілген, ал әрлеушілердің қызметіне осы бюджеттің 17% бөлінген екен.

Ең қымбат ақ-қара түсте түсірілген фильм «Виржиния Вулфтан кім қорқады?» атты туынды. Оған 7,5 миллион АҚШ доллары жұмсалған екен. Фильм неге сонша көп сомаға шықты десеңіздер, актерлер – Элизабет Тэйлор мен Ричард Бёртонның қаламақысы қымбат екен.

Төбешіктегі «Голливуд» жазуы есіңізде ме? Бұл жазудың құны (ең алғаш орнатылып жатқанда) 21 000 АҚШ доллары болған екен. Ал қазіргі бағаммен бұдан арзан тұрмайтыны белгілі. Бастапқыда “Hollywoodland” деген жазу болған, кейін соңғы “land” буынын алып тасталған.

Голливуд естелігіндегі "кемшілігі өте көп фильм" аталымына 1979 жылы түсірілген «Бүгін ақырзаман» туындсы ие. Осыған дейін зерттеу жүргізген сайттардың қорытындысы бойынша фильмде 390 кемшілік бар.

Голливуд тарихындағы ең көп жануар, жәндік көрсетілген фильм – Ирвин Алленнің «Рой» атты туындысы. Бұл фильм 1978 жылы түсірілген. Ал фильмге әсер беру үшін түсіру тобы  22 миллион араны жалға алған екен.

Голливудтың негізін қалаушылар болашақ Голливудты діни ұйымның ордасы ретінде елестеткен. Бұл қалада ішімдікке тыйым салынып, шіркеу саламын деушілерге тегін жер берілген екен. Ал қазіргі Голливуд тұрғындары қаланың болашағын қалай елестетеді екен?

Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек
Жаңа Iphone-ның ақшасын қайда жұмсауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу