Молизе жұмақ елдімекен

Oinet.kz 24-09-2019 910

timthumb.jpg

Молизе Италияның оңтүстігінде орналасқан жұмақ іспеттес мекен. 

Керемет бейне, жартастар, ормандар және жұмсақ климат, жайлы итальяндық Жерорта теңізі архитектурасы бәрі де осы бір жұмақ бөлігінде орналасқан. Тіпті тұрғындарға дәл осы жерде өмір сүріп жатқаны үшін арнайы салық төлейді.

Елдімекеннің басшысы Донато Тома осы жерге көшіп келген кез келген тұрғынға 3 жылға дейін айына 700 евроға жуық өтемақы төлеп отыруға уәде берген. Ол өзінің мақсаты тек Молизенің халқын көбейту, өркениетін дамыту екенін айтқан болатын.

"Халық санын көбейту" - бұл Молизенің басты мәселесі. Италияның Ұлттық статистика институтының мәліметтері бойынша, Молизе Италияның ең жылдам азаятын халқы бар өңірлерінің арасында орналасқан. Өткен жылы өңірден 2800 адам көшіп кетті, қазір онда шамамен 305 мың адам тұрады. Сондай-ақ, 2018 жылы тоғыз Молизе қалашығында бір де бір сәби дүниеге келмеген.

Сондықтан Молизе басшысы Донато Тома жаңа тұрғындарды тартуға тырысады. Сондай-ақ, ол 2000 адамнан аз халқы бар әрбір қала немесе ауыл өзінің мәдени іс-шараларын жарнамалау және инфрақұрылымды дамытуға 10 000 еуро алып отырады деп мәлімдеді.

Жаңа Iphone-ның ақшасын қайда жұмсауға болады?
Тастанды қуыршақтар аралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу