Шеге тәріздес Джеймс Бонд аралы

Oinet.kz 24-09-2019 2050

Таиландтағы Джеймс Бонд аралы бүкіл әлемге танымал. Неге бұл шағын жер бөлігі осыншалық танымал және ол туристерді несімен қызықтырады?

007 агент аралы Таиландта Пханг-Нга шығанағында орналасқан және ол кішкентай жартасқа ұқсайды. Аралдың ресми атауы - Ко Тапу, біздің тілімізде шеге деген мағына береді. Шеге деп атауы себебі жартастың сырт келбетіне байланысты, ол төмені жіңішке де, жоғары қарай жуандай түскен. 

Алғашқы рет бұл жер 1974 жылы "Алтын тапаншасы бар адам" фильмінде 15 секундқа түсіп қалып, керемет атаққа ие болады. Дәл осы жерде фильмнің ең негізгі шайқасы түсірілген.

Бір-бірінен 40 метр қашықтықта орналасқан осы екі арал Джеймс Бонд аралы болып саналады. Кішкентай аралда Ко Тапуды тек  көрші Кхао Пинг Кан аралынан көруге болады. Жергілікті билік Тапу аралы айналасында жүруге тыйым салды, өйткені бұл қауіпті болуы мүмкін. 

Арал 1974 жылы Джеймс Бонд туралы фильм шыққаннан кейін өте атақты бола бастады. Бұған дейін арал ешқандай қызығушылық тудырмаған және мәдениеттің символына деп те саналмаған. Фильмнің арқасында арал туритерге байып, біразға дейін экран беттерінен көрініп жүрді.

Бартер деген не?
Қуыршақтарға жан біткендей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу