Аяқ киім қажаса

Oinet.kz 24-09-2019 2851

98e8e0c0137a5342dbccb47520f91c8a12_thumb_91e7f67ab7ce5a7b522c35f0f82c879b.jpg

Жаңа аяқ киім алғанда міндетті түрде аяқты қажайтыны бәріміздің жүйкемізді тоздырады. Алайда бұл проблемадан құтылудың жолдары бар. Былғарыдан жасалған аяқ киімді ішінен дымқыл шұлық киіп, кеңейтуге болады.  Қалың шұлықты спиртпен дымқылдап, шұлығыңыз кепкенге дейін киіп жүрсеңіз де болады. Сондай-ақ беріктігі жоғары полиэтиленді пакетті суға толтырып алып, жақсылап жабамыз да, аяқ киімнің қатты қысатын жерлеріне мықтап кіргізіп, тоңазытқышқа қоямыз. Қатқан кезде судың көлемі ұлғаяды. Мұз болып қатқан соң пакетті алуға асықпаңыз. Ішіндегі суды қайта ерітіп басқа ыдысқа құйып алу оңайырақ болады. Бұл әдісті тек табиғи былғарыдан жасалған аяқ киімдерге жасау ұсынылады. Аяқты қажатып алмаудың басқа да әдістері бар. Мысалы аяқ киімді киер алдында ішкі бетіне кастор майын жағыңыз, бұл аяғыңыздың терісіне де өте пайдалы.  Асығыс жағдайларда балалар кремін (кез келген майлы крем де жарайды) аяғыңызға жағып алыңыз.  Туфлиіңіздің қажайтын тұстарына балауыз немесе сабын жағып қойсаңыз, жүруге ыңғайлы болады. Бұл әдісті қайталап отыру керек. 

Жапандағы жалғыз арал
Африканың ең бай тұрғыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу