Барсакелмес аралы туралы аңыз

Oinet.kz 02-10-2019 6530

88d341d63bd2313adc4e3045a87dbaa4.jpg

Тарихта сан алуан тарихи, тылсымға толы, табиғат заңдылықтарға қарсы келетін жерлердің баршылық екендігі мәлім. Сондай тылсым жерлердің бірі біздің елде де бар. Ол Арал маңында орналасқан Барсакелмес қрорығы. Атауы қорқынышты болғанымен, атына заты сай ма екен? Оны бірге анықтайық.

Алғашында бұл жер "Сужоқ" деп аталған көрінеді. Себебі бұл маңдар тек жазық даладан тұрған. Әрине қазір де бұл факті өзгере қоймады. Ал қазіргі атауы аңызға сенсек балықшылар атап кеткен. Себебі осында балықшылар көп балық тауып аламыз деп жақында орналасқан жағалауға барып, қайта оралмаған екен. Дегенмен келмеулерінің себебін ешкім біле алмаған. Десе де қазіргі ғылым барсакелместерді көл жағасындағы қатты дауыл немес үлкен толқындар алып кетті деп есептейді. Ал басқа деректер мұнда улы жыландар мен жәндіктер болған, балықшыларды солар қырып салған деп есептейді.

Өткен ғасырдың 60-жылдары аралда ғалымдар тобы болып қайтты. Жол бойы Аралдың аспанын бұл торлап, радиобайланыс өшіп, бір сағат ішінде барлығы аспаннан келгендей болды. Қалған әріптестермен байланысқа шыға отырып, ғалымдар осы "сағат ішінде" бір тәулік өткенін біледі.

Айтпақшы, Қобыланды батыр жайындағы бізге жеткен аңыз да осы жерден бастау алған болатын. Аңызда Қобыланды белгісіз бір аралға кетіп онда 3 күн, 3 түн болғаны айтылады. Ал батыр үйіне оралғанда 33 уақыт бойы жоө болып кеткені біледі.

Барсакелмес қорығы

Аралды 1848 жылы орыс географы Алексей Бутаков бастаған экспедициясы ашқан. Бірақ та, бұл ресми негіздегі ғылыми ашылу болып табылады, ал шындығында ол жергілікті халыққа ежелден жақсы белгілі болған. Тіпті, Шыңғыс ханнан қашқан Хорезм шах осы Барсакелместі паналапты деген де аңыз сақталған.

Аралды игеру 1920-шы жылдары басталған. Сол  тұста онда шағын аңшылық шаруашылығы ұйымдастырылыпты. Ал 1930-шы жылдарда арал мемлекеттік қорыққа айнылдырылып, онда сирек кезедсетін аңдар мен құстар өсіріліген. Барсакелместе тұқымы жойылу алдында тұрған жабайы құландар да әкелініпті. Барскелместен 60 шақырымдай жерде орналасқан Возраждение аралында кеңес үкіметі биологиялық қару жасайтын құпия зертхана ашқан.

Барған адам қайтпайды

Барскелмес атауының шығуына аралда көп кезедсетін улы жыландар мен қарақұрт, сарышаян сияқты қауіпті жәндіктердің көп болуы себеп болған деген болжам бар. Ертеде балық аулаған балықшылар аралға шыққанда әлгіндей улы жәндіктердің шабуылына ұшырап, қаза табу жайлары жиі болғанға ұқсайды.  Уфологтардың пікірінше арал аса күшті геобелсенді аумақта орналасқан.  Мұнда әртүрлі жұмбақ заттардың, оның ішінде беймәлім ұшатын нысандардың көрінуі де содан болса керек.  Аралда жұмбақ тұман, жарқырауық бөрене, сұрғылт бұлт түріндегі жұмбақ нысандарды көргендер көп.

Барсакелмес аралы туралы ең алғашқы жазба 19 ғасырда атақты орыс саяхатшысы Н.Рерихтің  «Азияның жүрегі» шығармасында кездеседі. Оның айтуынша, аралдың атауына мұнда келген бірнеше қазақ отбасыларының кері қайтпай жоғалуы себеп болғанға ұқсайды. Дегенмен, аралға барған адамдардың із-түзсіз жоғалу оқиғалары кейін де біраз қайталанған. 1949 жылдың күзінде балықшылардың қайығы аралдың жағалауына келіп тоқтайды. Балықшылар аралға барып аздап тынығып алмақ болады. Олар жағалауға жақын жерден әппақ тұманды көреді. Батылдау екі балықшы әлгі тұманға кіріп көрмек болады. Тұманға кірген екеу басқалардың көз алдында ізім-қайым жоғалады. Балықшылар жолдастарының атын атап шақырғанмен ешкім жауап бермейді.

Содан арада бір сағаттан астам уақыт өтеді. Бойларын үрей билеген балықшылар жұмбақ тұманға кіруге батылдары бармай, сол арада үлкен жерге радиограмма жіберіп, балықшылардың жоғалғанын хабарлайды. Олар жағалауда қалып, жолдастарын күтеді. Содан арада біраз уақыт өткенде тұман сейіледі. Сонымен бірге олардың жолдастары да із-түзсіз жоқ болып шығады.

Альбинизм қандай ауру? Альбиностар кімдер?
Оңтүстік Корея артықшылықтары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу