Шаңырағыңызға қарлығаш ұя салса...

Oinet.kz 07-10-2019 9590

Screenshot_31.jpg

Қазақ халқы Қарлығаш құсын киелі санап, салған ұясын «бақытқа, берекеге» балайды. Қарлығаш құсының қасиеті жайлы аңыз-әңгімелер де аз емес.

Ілгеріде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауылға жау шауып бүкіл ел үдере қашады. Сол ауыда тұратын бабамыз Төле би ғана көшпей отырып қалады. Шапқыншылықпен келген жоңғар қолбасшысы, бәрі қашқанда бұл неге көшпей қалған ,жөнін біліп келіңдер деп әскерлерін жұмсапты. Сонда Бабамыз:  "Үйімді бұзсам босағадағы қарлығаш ұясы қоса бұзылатын болғандықтан орнымнан қозғалмадым"-деген екен. Сонда жоңғар қолбасшысы " Бұл әулие адам екен,мазаламаңдар"-деп бұйырыпты деген сөз бар. Осы жағдайдан кейін Төле бабамызға екінші бір "Қарлығаш би"- деген ат беріліпті дейді әңгімелерде.

Эннеаграмма деген не?
Үш адамға арналған шахмат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу